Арқалықта өткен аса маңызды басқосу    

Арқалықта өткен аса маңызды басқосу   

Комментарии к записи Арқалықта өткен аса маңызды басқосу    отключены

Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі облыстық мұражайында» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға байланысты басқосу өтті

Бұл жиынға осындағы көпсалалы колледждің студенттері және оқытушылар, мұражай ұжымы мен «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Жандос Рахметов және жастардың ресурс орталығының өкілдері қатысты.

Жүздесу барысында «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы «Туған жер» бағдарламасының аясында шаһарда атқарылып жатқан жобаларға тоқталып, қатысушыларды қалада ұйымдастырылған түрлі шаралар жөнінде хабарлар етті.

— Қоғамдық сананы жаңғырту аясындағы қаламызда жүзеге асырылған ұмытылмас оқиға — Кейкі батырдың сүйегін туған жеріне әкеліп жерлеу және оның есімін мәңгілік қалдыру мақсатында тындырылған шаралар дер едік.  Ол аса маңызды жиындар қатарында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, ақындардың республикалық айтысы, «Кейкі батыр» драмасының сахналануы болды.

Аталмыш республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстан Респебликасының  Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықова, Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы қатысып, басқосудың салтанатын арттыра түсті. Сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарынан ғылыми-шығармашылық интеллигенция өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері де көп жайды көңілдеріне түйді, – деді Жандос  Рахметов өз сөзінде.

Бүгінгі шарада да жастар жағы белсенділік танытты. Студенттер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қалада жүзеге асырылып жатқан барлық игі жұмыстар жөнінде өз пікірлерін білдіріп, қазақ әліпбиінің латын қаріпіне көшуіне қолдау білдірді.

– Сондай жастардың бірі колледж студенті Ілияс Ахметжанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайлы өз ойын ортаға сала келіп, бұл бағытта жастарға үлкен сенім артылып отырғандығын жеткізді. Өйткені, тәуелсіз елдің келешегі арамызда жүрген жігіттер мен қыздардың іскерлігіне, білімділігіне тікелей байланысты екендігін айтты.

Сонымен қатар шара қорытындысында жиналғандар үстіміздегі жылғы Елбасының «Өнеркәсіптік төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде де өз пікірлерімен бөлісті.

Оразалы Жақсанов, Қостанай облысы

Оразалы Жаксанов

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись