Қостанайда А. Шаяхметтің жаңа қойылымының тұсау кесері өтті

Қостанайда А. Шаяхметтің жаңа қойылымының тұсау кесері өтті

Комментарии к записи Қостанайда А. Шаяхметтің жаңа қойылымының тұсау кесері өтті отключены

І. Омаров атындағы Қостанай обл. қазақ драма театрында оның кезекті „Еңбек ер атандырады„  спектаклі  ұсынылды

Бұл туындыда өзекті мәселе қозғалған. Қазіргі таңда еңбек адамдарына айрықша назар аударылып жатқаны белгілі. Ал мұндай тұлғалар біздің өңірімізде де аз емес.

Көрнекті қаламгер нақты деректер мен дәйектерге сүйене отырып, Қостанайдың ғана емес, бүкіл республикамыздың абыройын асқақтатқан Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева, Қазақстанның Еңбек Ерлері Сайран Бұқанов, Борис Князев, Алмат Тұрсынов сияқты азаматтардың өмір жолын, азаматтық ұстанымдарын, қайраткерлік қырларын шығармасына өзек еткен.

Онда Кәмшат Дөненбаеваның образын Ажар Шәкіржанова, Сайран Бұқановтың бейнесін Бақытжан Таңатқанұлы, Борис Князевтің тұлғасын Мейрам Жапаров, Алмат Тұрсыновтың образын Нұрлыбек Кенжеахметов сомдады.

Тұңғыш рет қойылып отырса да спектакль көпшілікке ой салды. Сахнада Кәмшат Байғазықызының келіні Ақмарал Дөненбаева сөз сөйлеп, режиссер Архат Уәлиев пен драматург Ақылбек Қожаұлына, барша театр әртістеріне жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді.

 

Оразалы Жақсанов

 

Оразалы Жаксанов

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись