«Жас ұстаздың мектебі»

«Жас ұстаздың мектебі»

Комментарии к записи «Жас ұстаздың мектебі» отключены

Қостанай өңірінде өткізілген семинар-тренинг осылай аталады
Баршаға мәлім, қазіргі таңда елімізде нағыз өз саласын жетік білетін, жан-жақты әрі бәсекеге қабілетті педагогтар дайындау әрі оларды қалыптастыру еліміздің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі.

Ал мұндай талап биігінен көріну үшін жастарға үлкен үміт жүктеледі. Ал нағыз білімді де білгір мұғалімдердің оқушылары да жоғары үлгірім көрсететіндігі ақиқат.

Бұл күндері Қостанай облысында да қызмет атқарып жатқан ұстаздардың жартысынан астамы 50 жасқа жақындап қалған мұғалімдер.

Сондықтан болашақта зейнеткерлікке шығатын педагогтардың орнын толтыру үшін де кадрлар керектігі де белгілі. Әрине, бұл бағыттарда жұмыстар да атқарылып жатыр.

Мәселен, жыл сайын облыстың мектептері мен колледждеріне 600-ге жуық жас мамандар келеді. Алайда олардың арасында оқу жылы аяқталған кезде жұмыстан кетіп жататындар да жоқ емес.

Сол себептен бұл жай баршаны толғандыруға тиіс. Өйткені, түлектердің сапалы білім алуы осы жоғары білімді мұғалімдердің деңгейіне де әбден байланысты екендігін уақыт көрсетіп отыр.

Міне, осы жайлар облыстағыларды да бей-жай қалдырмасы анық. Өңірдегі білім саласында жүрген жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында өңірде қатарынан үшінші рет «Жас мұғалім мектебі» деп аталатын әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Өткен жылдарда әлгіндей семинар-тренингтерде 500-ден астам жастар оқытылды. Осындай мақсатты жұмыстың арқасында білім салаларында жұмыс істейтін педагогтардың саны артып, олар өз салаларында жемісті қызмет атқарып келеді.

Өздеріңіз білесіздер, бұл күндері елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тиісті деңгейде атқарылуда. Тәрбие және білім жайына айрықша көңіл бөлінуде.

Әлгінде жобаны босқа тілге тиек етіп отырған жоқпыз. Себебі, «Жас мұғалімдер мектебі» қазіргі таңда облыстық «Ұстазым мақтанышым» деп аталатын жобаға енгізілді.

Әңгімемізге арқау болып отырған бұл «Жас мұғалім мектебі» семинар-тренингі Қостанай облыстық білім басқармасы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының тікелей қолдауымен өткізіліп отыр. Ол Қостанай шаһарындағы «Алтын фазан» қонақжай ауласында ұйымдастырылды.

Бұл орайда білім басқармасының тарапынан қатысушыларға тиісті жағдай жасалғанын ерекше атап өткен жөн.

Аталмыш «Жас мұғалім мектебі» семинарына үш жылға дейін еңбек өтілі бар өңірдің колледждеріндегі өндірістік оқу шеберлері және арнайы пән оқытушылары қатысты.
Аса маңызды жиын үстіміздегі жылдың 6-7 ақпанында тиісті деңгейде өткізілді. Оған 80 адам қатысып, өздерінің біліктіліктерін көтерді.

Семинар-тренингтің есте қаларлықтай ұйымдастырылуына өз саласының Қостанай облысының Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Зияда Делдібекова, облыстық білім басқармасының жауапты қызметкері Татьяна Зуева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ольга Киселева және басқалар белсене атсалысып, көп еңбек сіңірді.

Осынау басқосудың соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар салтанатты түрде тапсырылды.

Суретті түсірген Александр ОТКИН

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись