Оған өзекті мәселе арқау болды

Жуырда қаламыздағы орталық кітапханалар жүйесінің «Западный» филиалында «Туған өлкем-қандай көркем» атты іс-шара ұйымдастырылды. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани-жаңғыру» деп аталатын мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы әңгімеге арқауына айналды.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты — туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту, жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сол себептен де аталмыш кітапханада №17 орта мектептің оқушыларының қатысуымен олардың қызығушылығын тудыратын мағыналы да мәнді шара өткізілді.

Мұнда балалар екі топқа бөлініп, қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оларға берілген тапсырмалар бойынша әдеби шығармалардан үзінділер оқылды. Еліміздің табиғаты көркем, әсем жерлеріне байланысты әндер шырқалды.

Сонымен қатар мектеп оқушылары кіндік қандары тамған туған өңірлерін сипаттап, шығарма жазды. Оның қорытындысы бойынша «Менің туған ауылым» деп аталатын тақырып ерекше аталып өтті.

Бұл шығармада қабілетті оқушы өзінің туған ауылының көркем табиғатын, атасының баяндаған қызықты әңгімелерін көркем тілмен жеткізген.
Сондай-ақ кітапханадағы «Туған-жерім байлығым» деп аталатын сөре де көпшіліктің назарына ұсынылды.

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись