Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

Бұл маңызды мәселе көпшілік тарапынан қолдау тапты
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы қазіргі кезеңдегі қазақ елінің болашағын айқындайтын аса маңызды бағдарлама. Онда көтерілген көкейтесті мәселенің бірі – латын әліпбиіне көшу.

Таяуда қоғамда қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне көшу мәселесіне байланысты А.С. Пушкин атындағы қалалық кітапханада Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қала әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, халыққа қызмет көрсететін орындардың, қоғамдық көлік тасымалдаушы ұйымдардың мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушыларға латын әліпбиіне көшудің маңызы мен мәні жайында кең мағлұмат берілді. Оған қатысушылар латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына, қазақ халқының өркениетке ұмтылысына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына оң ықпал тигізетіндігін түсінді.

Бетті дайындаған
Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись