Новости Образование

6 жаста мектепке барғанның ешқандай қиындығы жоқ

Бала 1 сыныпта әріп танып, санауды үйренеді

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Жүректері дүрсілдеп, мектеп табалдырығын алғаш аттайын деп тұрған кішкентай бүлдіршіндерді де 1 сыныпқа дайындау науқаны да қызу жүріп жатыр. Бірақ осы ретте кейбір ата-аналардың көкейінде сан сауалда жоқ емес.

Ол біріншіден елімізде жиі көтеріліп жүрген баланы 6 жастан мектепке беру қажет пе деген сұрақ әрине. Бүгінде бұл сауал көптеген ата-аналарды толғандырып отырғаны белгілі. Қоғамда әріп білмейтін 6 жасар баланы мектепке берудің қажеті бар ма деген пікірлер туындауда.

Бұл жөнінде жақында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пресс-конференцияда өзінің пікірімен бөлісті.

Ол егер ата-ана баласын 6 жастан мектепке бермесе оларға ешқандай айппұл салынбайтынын жеткізді. Сонымен қатар бала бірінші сыныпқа келгенде жазуды, оқуды үйреніп келуі керек деген түсінік жоқ екеніне тоқталды.

Бірінші сыныптың бағдарламасы барысында бүлдіршіндер әріп таниды, санауды үйренеді содан кейін жазу мен оқуға ден қояды. Осылайша бірінші сыныпта бала оқуды да жазуды да толық меңгеріп шығады.

Жалпы, елімізде мектепке 6 жастан баратын жүйе қашан да болған. Ондай болмаған жағдайда көпшіліктің сүйіп көрген «Алты жасар Алпамыс мектепке барады» деген фильмі түсірілмес еді ғой.

Сондықтан балаларымыздың мектепке неше жаста барғаны емес, ең бастысы мектепте алған білімінің сапасы маңызды болып қала бермек.

Бірақ тағы бір атап өтетін жай, 2019 жылдың 1 қаңтарында білім жөніндегі заңға өзгерістер енгізіледі. Онда балалардың 6 жаста бірінші сыныпқа барулары міндетті болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77