Жайдарман жастар алаңы

Жайдарман жастар алаңы

Ы.Алтынсарин атындағы мұражайдың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаламыздағы колледж студенттерінен құралған топтардың арасында «Жайдарман» ойыны болып өтты.

Бұл көңілді тапқырлар ойынына Қостанай педагогикалық колледжінің студенттерінен құралған «КПК жігіттері» және экономикалық колледжінің «Алянс» тобы, политехникалық коледжінің жастарынан құралған «Нағыз жігіттер» құрамалары бақ сынады.

Олар үш номинация арқылы өздерінің өнерлерін көрсетті. Осы уақытқа дейін көптеген қоғамдық жұмысар мен мерекелік  кештердің бел ортасыда жүрген, «Жайдарман» ойындарының әдіс-тәсілдерін толық меңгерген өнерлі жігіттер көрермендерге тұщымды да мағыналы әзілдерін ұсынды. Олардың қадамдарынан болшақта көңілді тапқырлар клубының белді мүшелеріне айналатындықтары байқалды.

Осылайша өнерлерін көрсеткен үш топ үш номинация бойынша марапатталды. Шаһарымызда тек ғана болашақ ұстаздарды дайындайтын білім ордасының студенттері «Білім», ал экономикалық колледждің жігіттері болса «Асыл мұра», политехникалық колледждің жастары «Дарын» номинациясы бойынша марапатталды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись