Культура Новости

Алғыс айту күніне арналды

Онда балалар асқақтата ән салып, би биледі

Облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының қызметкерлері ұйымдастырған «Жан жылуын сыйлайық» атты.

Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ерекше білім беру кажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектебінде өтті.

Аталмыш іс-шараға Қостанай облысы «Надея» поляк этномәдени ұйымының төрағасы Виктор Радомский, үйірме жетекшісі Амина Досмаилова Бейсенбаевна және №5А мектеп гимназия оқушылары қатысты.

Қонақтар балаларға қазақ халқының қонақжайлығы, мейірімділігі туралы айтып, қазақ жерінде ғұмыр кешіп жатқан барлық халықтарға ризашылығын білдірді.

Мектеп директоры Гүлшат Жұмабаева жиналған қауымға шынайы алғысын жеткізді. Балалар «алғыс», «мейірімділік», «достық» танымдық ойындарында белсенділік танытты.

Осы мерекеде №5 А мектеп гимназияның оқушылары да түрлі ұлттың әндері мен билерін шеберлікпен орындады.

Аягөз Кәкімжанова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77