Новости

Алдағы күндері облысымыздың кей жерлерінде ауа температурасы 40-43 градусқа жетеді

Өңірімізге шіліңгір шілде айы да келіп жетті

Жаз айларының төресі шілдеде ауа райы ысып, жұртшылықты әуре-сарсанға салатыны анық.

Міне, шілде айында Қостанай қаласында ауа райы ыстық болып тұр. ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, 12-13 шілдеде Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болып, кей жерлерде ауа температурасы  40-43 градусқа дейін  жетеді деп хабарлап отыр.

Ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты аталмыш облыстардың тұрғындарына ескерту жасалды. Ұялы телефондарыңызға келетін хабарламаларға үнемі зер салып, жолға шыққанда абай болыңыздар.

Әсіресе, бұл ауа райы қан қысымы жоғары жандардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан денсаулықтарыңызды күтіп, қоңыр салқында, жабық жерде демалғандарыңыз жөн.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77