Өз саласының нағыз майталманы

Өз саласының нағыз майталманы

Зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шебер Андрей Черных туралы. 

Қаламыздағы Орталық базардың маңындағы «Айналайын» сауда орталығының ішінде зергерлік бұйымдар жасайтын шеберхананың жұмыс істеп келе жатқанды ғына да біраз жылдың жүзі болды.

 

Қашан барсаңыз да алтыннан жасалған бұйымдарын жөндету үшін келіп жатқан қыз-келіншектерді көресіз.

Менің бүгінгі кейіпкерім осынау шеберхананың шебері Андрей Черных. Ол осы Қостанай қаласында туып өскен. Мектеп бітірген соң Қостанай автокөлік жолдары колледжіне түсіп, диплом алып шықты.

Бала кезде көлікке қызығып өскен зеректі ұл бертін жігіт болған соң темір тұлпарға деген ынта-ықыласы барынша арта түсті. Таңдаған мамандығына байланысты екі жылдай жұмыс істеді. Содан кейін сонау бір жылдары бұл саланың табысы тұрақты болмағаннан кейін, басқа кәсіпке ден қойды. Дәл осы кезеңде мұны зергерлік бұйымдарды жөндеу және қалпына келтіру секілді жұмыстармен айналысатын досы өзінің шеберханасына бірге қызмет атқаруға шақырады.

Андрей бұл шаққа дейін тек көліктің темір жабдықтарымен ғана шұғылданып келсе, табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында бұрын өзіне оншалықты таныс емес, жаңа кәсіпті тез игереді. Осылайша уақыт өте оны да ойдағыдай меңгеріп, өз бетімен әйелдердің құлағына тағатын сырға, мойынға тағатын алқалар мен сақиналарды жасай бастайды.
Міне, содан бері де 9 жыл өте шықты. Бұл күндері тынымсыз ізденістің нәтижесінде бұл кәсіпке де әбден бейімделіп, тапсырыс берушілердің шынайы алғысына бөленді. Қазіргі таңда оны шаһар тұрғындарының бірқатары жақсы біледі десек артық айтпаған болар едік.

Алтыннан бұйым жасау айтуға ғана жеңіл. Ол өте нәзік келеді. Оның үстіне қазіргі таңда қыз-келіншектердің талғамы да өте жоғары. Сондықтан да әрқашан да сапа бірінші кезекте тұрады.

Шебер мұны жете түсінгендіктен өзіне сенім артқан әйелдердің заттарын барынша көңілдерінен шығатындай дәрежеде дер кезінде істеуге тырысады. Сондықтан да бұл өз қызметіне барынша жауапкершілікпен қарап, оларға қуаныш сыйлауға талпынады. Солай болып та жүр.

Андрей Васильевич алтыннан жасалған заттарды қалпына келтіріп, жөндеп ғана қоймайды. Бұған көбіне анасына, сүйікті қызына көздің жауын алатын сақина, сырға, алқа істетуге арнайы тапсырыс беретіндер де жеткілікті. Мұны онымен жүздесіп, әңгімелесу барысында да байқадық.

Кейіпкерімнің тұрақты тапсырыс берушілері де аз емес. Жыл он екі ай айналып келіп отыратын мерекелерде өздерінің жұбайларына, қалыңдықтарына алған алтын бұйымдарына олардың атын жаздыруға өтініш жасайтындар да баршылық.

Олардың тілектері де назарға алынып, тапсырыс берушілер көздегендей жасап, олардың алғыстарына бөленіп жатады. «Жақсы сөз жан семіртеді» деген сөз бар емес пе. Олардың тарапынан шынайы лебізді естігенде бұл да кеудесін мақтаныш кернеп, төбесі көкке жеткендей болып қалады.

-Шындығы керек, мен әу басқа осы кәсіпке ден қойғанда күндердің күнінде зергерлік бұйымдар жасаумен айналысамын деп тіпті ойлаған жоқ едім.

Алай да басқа салса бәрін де меңгеріп, сол саланың майталманы атанады екенсің. Осы арада өзімді осы жұмысқа шақырған азаматқа шексіз алғысымды білдіргім келеді. Ол болмаса мен осындай дәрежеге жетер ме едім, жетпес пе едім,- дейді сұхбаттасым Андрей Черных өз сөзінде.

Андрейдің ата-анасы қарапайым ғана кісілер. Әкесі Василий өмір бойы көлік жүргізушісі болған. Ал анасы ауруханалардың бірінде лаборант болып жұмыс істепті. Қазіргі таңда әкесі екеуі бірге тұрады.

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись