Новости Социум

Баспаналы болудың мол мүмкіндігі – «Нұрлы жер» бағдарламасы

Қостанай тұрғындары жыл соңына дейін «Юбилейный» шағын ауданындағы 13 үйде қоныс тойын тойлайды

Бұл жайлы «Нұр Отан» депутаттары тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының орындалуын бағамдауға барғанда мәлім болды.
Биыл «Юбилейный» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 112 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған болатын. Нақтылағанда, 9 айдың ішінде үштен бір бөлігі яғни, 29,5 мыңы қамтылды.

Мердігерлер үйлерді уақытылы тапсыра ала ма? олар қандай түйіткілді мәселелерге жиі ұшырасып жататындығын анықтамақ мақсатта облыстық мәслихаттың депутаты Самат Ақышев тұрғын үй құрылысын партиялық жүктеме тәртібімен қадағалайтын болғандықтан ортаға сауал жолдады. Өйткені өткен жылы  кадрлардың жетіспеушілігінен «Әуежай» ықшам ауданындағы екі үйдің тапсырылу кестесі бұзылған болатын.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Юбилейный» ықшам ауданында 17 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 13-і несиелік үй, пайдалануға беру ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланған.

– Жұмыс жоспарлы түрде жүргізілуде. Тағы екі несиелік үйді және төрт жалдамалы эконом класты үйді пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. Қазіргі таңда кадрларға қатысты проблемалар жоқ. Қалай болғанда да, үйлер уақытында тапсырылады, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қанат Нұралин.

Егер қандайда бір мәселе туындаса, дереу партиялық комиссияға харлау керектігін, тұрғын үй құрылысына ақша бөлінсе, оны мақсатты түрде пайдалану керек екендігін жеткізді Самат Ақышев.

Қазір бірнеше құрылыс компаниясы шағын ауданда тұрғын үй салумен айналысады. Солардың бірі – «Сыл» ЖШС, ол мердігер ұйымды Гагик Норикович басқарады. Серіктестік бірнеше жылдан бері құрылыс нарығында жұмыс істеп келеді.

«Юбилейный» ықшам ауданында серіктестік төр үйдің құрылыс жұмысымен айналысуда. Өткен жылы бір нысан пайдалануға берілді, оның тағы үшеуі жоспарланған. Қазір құрылысшылар №47 үйде жұмыстарды аяқтап жатыр. Оны тапсыру қазан айының соңында жоспарланған.

Жаңа үйде 40 бір бөлмелі, 20 екі және екі үш бөлмелі пәтер бар. Сарапшылардың пікірінше, салымшылар арасында «бір бөлмелі» және «екі бөлмелі» пәтерлер  сұранысқа ие екен. Пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы таратылады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алу үшін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болуыңыз керек және салым бойынша тұрғын үй құнының кемінде 20%-ін жинауыңыз қажет болады. Несие мөлшерлемесі жылдық 5%-ті құрайды. Жалпы, «Юбилейный» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40-тан астам үй салуды жоспарлап отыр.

Қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары тұрғын үй құрылысы және оларды уақытында пайдалануға беру мәселелерін ерекше бақылауға алатындықтарын жеткізді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77