«Елін сүйген Елбасы»

«Елін сүйген Елбасы»

Мұражайдағы тағылымдық кеш осылай аталды

Барша еліміздің халқы ерекше қуанышпен асыға күткен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайында да ойдағыдай аталып өтті.

Бұл парасат ордасында ұйымдастырылған кеш «Елін сүйген Елбасы» деп аталады. Оны жүргізуші басқосудың мәні мен мазмұнына ерекше тоқталды.
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетімізді өркендетуге Тұңғыш Президенті Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сіңіріп жатқан еңбегіне, кемеңгерлігіне тоқталып өтті. Қысқа мерзім ішінде Елордамыз Астана адам танымастай өзгеріп, мәртебемізді барынша асқақтата түскенін де тілге тиек етті.

Алғашқы сөз мұражай директоры Марғұлан Оспановқа берілді. Әрине, шақырылған қонақтар Мырзабай Жақсылықов, Өтеген Исенов және басқалар мемлекет басшысының тәуелсіз елімізді өркендетуге қосқан айрықша үлесін мақтанышпен айтты. Елбасының беделінің арқасында Қазақстанды әлем жұртшылығы мойындағандығын баяндады.

Мұндай басқосуар ән-күйсіз өткен бе? Арнайы шақырылған жас өнерпаздар асқақтата ән салып, би биледі. Сондай-ақ жоғарыда аталған мұражаймен іргелес орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының оқушылары мәнерлеп өлең оқыды.

Бетті дайындаған Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

оставить комментарий

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись