Новости

Музейде отбасы күніне орай тағылымы мол кеш өтті

Өмірде адам үшін ең қымбат – Отбасы

Бала үшін өзінің туған ата-анасынан артық жан жоқ. Әр отбасының мәні де гүлі ол бала. Бала дүние есігін ашқтанда бірінші болып анасы мен әкесі бақытқа кенеледі.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Еліміздің мерекелер күнтізбесіне бұл күннің енуі сан ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етеді.

Осы мерекеге орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде көп балалы жанұялар мен жас отбасылардың қатысуымен мерекелік кеш болып өтті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар қонақтарға әртүрлі байқаулар, ойындар, тосынсыйлар, «Отбасылық әндерден» караоке және «Отбасында татулық болса, қазынаның керегі не?» тақырыбында тағы көптеген қызықты бағдарламаларға келген отбасылар қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.

Атап айтар болсақ, Тұтқышевтар отбасының апалы-сіңлілі қыздары орындаған ана туралы ән өте әсерлі болды. Мереке барысында, отбасы және отбасылық құндылықтар туралы мәліметтер берілді. Әр отбасы тобы қағаз бетіне өздері туралы, достары жайында, демалысты отбасымен қалай өткізетіні, мерекелерді қалай атап өтетіндері сияқты т.б. жақсы көретін ермектерін коллаж түрінде көрсетті. Олар сәулетші рөліне еніп «Өз арманындағы үй» үлгісін жасап көрді. Мереке шырайын әсем әуен мен сәндік жабдықтар одан әрі көркейте түсті.
Сондай-ақ музей холында қор жиынтығы туындыларынан «Отбасы – бақыт мекені» атты көрмесі, сәбилерге арналған ойын алаңы, фото-зона, аквагрим жұмыс істеді.

Мереке соңында іс-шараға қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін естіртіп, болашақта өз отбасының өмірі қалай өрілетіні туралы айтып берді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77