Біздің Қостанай

III Халықаралық дирижерлер форумы

Орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналды

Қаламызда Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында III халықаралық дирижерлер форумы өтті.

Е. Өмірзақов атындағы орыс халық аспаптар оркестрінің 35 жылдығына арналды.

Негізгі мақсат – ұлттық музыкалық дәстүрлерді дамыту, ұлттық өнер мен рухани дәстүрлерді насихаттау, алыс және жақын шетелдердің дирижерлері арасында музыкалық тәжірибемен алмасу, дирижерлеуді жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда, мәдениет әлем халықтарын байланыстыратын маңызды буындардың бірі болып табылады, жаңа дыбысқа ие болады, оны бағаламау мүмкін емес.

Форум тәжірибе алмасуға, өзара тиімді байытуға, достықты, келісім мен бірлікті нығайтуға мүмкіндік бермек. Қатысушылар өздерінің таланттары мен шеберліктерін тағы бір рет көрсете алатын ерекше алаң.

Концерттік бағдарламаға облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ атақты қонақтар қатысты.

Талдықорғаннан келген дирижер Әли Алпысбаев Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап «Шаттансын Абай елі» деген күй-поэма арнаған. Шығармасын Қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындап берді.

– Форумға шақырту алғаныма қуаныштымын. Өйткені, осындай форумдар көп жерлерде өтпейді. Сол себепті, Қостанай облысының ұйымдастырушыларына рахмет, өнерге деген құрметтерінің зор екенін байқатты. Өзімнің кезегім барысында қостанайлықтарға, Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арнаған «Шаттансын Абай елі» деген күй-поэмамды орындап бердім. Көрермен жақсы қабыл алды деп ойлаймын, қошемет те зор болды, – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композитор, М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестірінің бас дирижері Әли Алпысбаев.

Облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

– Біздің елде жеті әйгілі дирижер бар. Солардың екеуі форумға қатысып отыр. Ол кісілерге алтын уақыттарын бөліп, Қостанайға арнайы келгендері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ, біз Жастар сарайының Қостанай облысы мәдениетіне қызмет етіп жатқаны үшін ерекше қуаныштымыз, – деді Ерлан Қалмақов.

Үш күнге жалғасқан форумның соңғы күні орыс халық аспаптар оркестірінің мерейтойлық концертімен аяқталды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77