Новости События

Белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев аймақ ақындарына шеберлік сабағын өткізді

Қостанайда Ы.Алтынсарин атындағы білім ордасының 135 жылдығына орай айтыс өтеді

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» ұйымдастыруымен ауқымды шара өтті.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына аймаққа белігі ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиев келді.

Негізгі мақсат – мектептің 135-жылдығына орай өткізілетін «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы қарсаңында «Қазіргі айтыс: жетістіктер мен кемшіліктер» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізу.

Айбек Киікбайұлы алдымен мектеп тыныс-тіршілігімен танысып, аралап көрді. Оқушылардың оқу барысында жеткен жетістіктері таныстырылды.

– Қазіргі таңда адамдар көп киелі мекендерді, тарихи жерлерді аралап көргісі келеді. Алайда, оған мүмкіндік әркез бола бермейді. Ал, ұялы телефонға «VR көзілдірік» қосылатын қосымша орнатып, оған қажетті ақпаратты енгізу арқылы көз алдымызға нысанды алып келуге болады. Ол қосымша арқылы өзіңізді құдды бір киелі мекенде саяхаттап жүрген тәрізді сезінесіз. Менің қосымшамнан Ы.Алтынсарин мавзалейін, музейін, аумағымыздағы тағы да бірнеше киелі нысандарды көруге болады. – дейді білім ордасының оқушысы Нұрлыбек Мұстапаев.

Айта кетейік, Ы.Алтынсариннің 135 жылдығына орай наурыз айында «Жас тұлпар» оқушылар айтысы биыл осы мектепте ұйымдастырылады.

– Биыл мектепбімізге 135 жыл екені мәлім. Осыған орай қыркүйек айынан бастап ауқымды шаралар ұйымдастырып келеміз. Осы жолы мерейтойға орай «Жас тұлпар» оқушылар айтысын мектеп қабырғасында өткізуді жоспарлап отырмыз. Сол себепті мәдениет басқармасымен бірлесіп алты алашқа аты белгілі Айбек Қалиевті арнайы алдыртып, шеберлік сабағын өткіздік. Оған әр аудандардан қатынасатын жас ақындармен тәлімгерлері шақырылды. Екінші мақсат мектепке келіп ақпарат жинап, мағлұмат алсын деген ниет болатын, – дейді Ы.Алтынсарин атыдағы мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Рысалды Келімбердиева.

Шеберлік сағатында айтыс өнерінің даму кезеңдері мен қазіргі айтыстағы суырыпсалмалық мәселесі жөнінде  кеңінен айтылды.

– Жетекшілерге жас ақындарды дайындау барысында суырыпсалмалық, аспапта ойнау  әртістік қабілетімен қатар,  айтыс ақыны болу үшін білімді жан-жақты болу қажет,  сол үшін  көркем әдебиетті көп оқуға талап қойып,  сахна мәдениетін үйрету  қажет – деді  Айбек Киікбайұлы.

Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы  Дәмер  Қалқаев облысымызда айтыс өнерін дамыту мәселесіне тоқталды.

– Жас ақындарды аудан көлеміндегі мәдени іс-шараларға қатыстырып,  сахнаға төселдіру қажет. Осы «Жас тұлпар»  айтысынан жүлделі орын алған ақынға аймақтық, оданда ауқымды айтыстарға жолдама беріледі. Айтысқа қатысатын оқушы ақындармен әлі де орталық мамандары  байланыста болып,  дайындық барысы қадағаланып отырылатын болды. Біздің мақсат өңірде айтыс өнерін дамытып, шынайы көрерменін қалыптастыру, – деді орталық басшысы.

Іс-шара соңында жас ақындар мен жетекшілеріне шеберлің сабағына қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77