Новости Образование

Білім саласы: Ұлағатты ұстаз – мектеп мәртебесі

Қараша айында ашылған жаңа мектептің жай-күйі жайлы

Өткен жылдың қараша айында есігін айқара ашқан қаламызда қазақ тілінде білім беретін №28 мектеп-гимназиясының бүгінде мерейі үстем. Бұл Қостанайдағы мемлекеттік тілде оқытатын жетінші мектеп.

Бұл мектептің қаламызда ашылуы жоғары маңызға ие, өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баяндалғандай қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту шеңберінде қолға алынған еді.

Білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан сәтте Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов те толық қазақ тілінде оқытатын тағы мектеп ашу қажеттілігі туындағанына біраз болғанын атап өткен болатын.

– Қостанай қаласында балаларды бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін қазақ тілінде оқытатын тағы бір мектеп ашу қажеттілігі туындағанына біраз болды. Бүгін де химия, физика, биология және робототехника кабинеттеріне қаржы бөлінді. Сондай-ақ сыныптарда жаңа жиһаз, асханалық, музыкалық, спорт жабдықтары орнатылды. Ағымдағы жөндеуге және жабдықтауға екі жүз елу млн теңгеден астам қаражат бөлінді, жергілікті бюджеттен – 160 млн теңге, демеушілік қаражат – 94,7 млн теңге. Мектептің ашылуы қаламызда мемлекеттік тілдің мәртебесін күшейту және жалпы білім беруді дамыту саласында жасалған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқушылар саны өсуде, ал жаңа мектеп-гимназиясы осы шағын ауданның мәселесін шешеді деп ойлаймын, – деп атап өткен еді Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

Мектеп жұмысының алға басуы ең алдымен басшыға байланысты екені анық. Ал, білім ордасы оқушыларын сапалы ілім, жақсы тәрбие беріп, асқақ армандардың орындалуына себепші болатын, аталмыш мектептің ұстаздары жайлы ризашылықпен айтуға болады.

– Мектепте 3-ші тоқсанның басындағы есеп бойынша жалпы 1-11 сыныпта 458 оқушы білім алуда. Білім сапасы 2-ші тоқсан қорытындысы бойынша 1- 4 сыныптарда 69,91%-ды көрсетті, ал, 5-9 сыныптарда 46,18%-те, жоғары сыныптарда 54%-ды көрсетеді. Жалпы мектеп бойынша білім саапасы 53,67 пайыз, үлгерім сапасы жоғары деңгейде, яғни 100 пайыз. Өткен тоқсанмен салыстырғанда әр саты бойынша 2-3%-ға білім деңгейінің өскенін байқауға болады. 2016-2020 жылдарға арналған ҚР БҒДМБ индикаторларының 2-көрсеткіші бойынша білім сапасы 2019-2020 оқу жылында 70% құрау керектігін ескеретін болсақ, оқу жылының аяғына дейін осы нәтижеге мектептің білім сапасын көтеруге, білім алушылармен жұмыс жасаудамыз, – дейді мектеп директоры Айгүл Қазиева.

Айгүл Айтқожақызы мектеп мемлекеттік тілде білім беретін болғандықтан, ең басты басымдылық қазақ тіліне беріледі. Балалар достарымен, қоршаған ортада өзге тілде қарым-қатынас жасағанмен, ал, оқу барысында оқушылар сабақты қазақ тілінде өтіп, ойларын еркін жеткізе алатынын айтады.

– Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, тереңірек білім беру мақсатында қосымша факультатив сабақтары жүргізіледі. Жаратылыстану математика бағытындағы білімдерін шыңдау мақсатында менталды арифметика, күрделі есептер шығару, химия пәні бойынша типтік есептер шығару, медициналық білім негіздері, химия және медицина сабақтары, қоғамдық–гуманитарлық бағыт бойынша практикалық ағылшын сабағы өтеді. Сондай-ақ, Абайтану, қазақ хандығының дәуірі, Қостанайдың пайда болу тарихы, оқу сауаттылығы және өзге сабақтар жүргізіледі, – деп атап өтті мектеп басшысы.

Мектепте мемлекеттік жәрдемақы алатын және көп балалы отбасыларға берілетін АӘК алатын жанұя балалары білім алады. Жалпы 30 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

– Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары мектепте тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Жалпы саны бойынша 30 бала тегін тамақтанады. Қалалық білім бөлімі бекіткен мектеп тағамы рационы бойынша бірыңғай стандарт енгізілген. Яғни, барлық балалар бір мәзірдегі тамағдармен тамақтанады. Одан бөлек, күніге жемістер, тәтті сусындар беріліп отырады. Біздегі мектеп асханасы 160 орынға арналған. Мектеп бекіткен ереже бойынша оқушылар кезек-кезекпен барып тамақтанады. Асханамызға оқушылардың да, ата-аналардың да көңілдері тояды. Ең бастысы талапқа сай, – дейді мектеп директоры Айгүл Қазиев.

Сонымен қатар, мектепте ІТ-сынып жұмыс жасайды. Онда балалар өздерінің ойдағы дүниелерін жүзеге асыруда. Сондай-ақ, информатика сабағында оқушылар компьютерлік бағдарламалардың кең түрін пайдаланады. Мәселен, пән барысында шәкірттер өздерінің білім көкжиегіне, ойлау қабілетіне қарай ертегі ойлап тауып, бағдарлама арқылы оның сұлбасын жасап шығады.

– Бізде роботты техника 2 саты бойынша жабдықталған. Ол дегеніміз бастамасы, яғни алғаш құрап үйренушілер үшін, екінші жетілдіру сатысы деп атаймыз. Осы екі сатыны игерген балалар роботты техиканы жасау әдіс-тәсілін біледі, іргетасын қалай алады деген сөз. 8-сыныптарға роботты техника сабағы міндеттелсе, ал өзге жеке үйренушілерге еш шектеу жоқ, қалаған уақытында келе алады. Жетістіктеріміз де жоқ емес, жақында аймақтық ақпараттық технологиялар форумына қатынасып келдік. Жуық арада оқушыларымыз роботты техника саласында өтетін жарысқа қатыспақшы, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Жанар Шажабаева.

Жас үйренушілердің бірі Диасыл роботты құрастыру ойлау жүйесі, логика мен қатар қол жылдамдығын қажет ететіндігін айтады.

– Алғашқы үйреніп жүргендіктен, тек алгоритмдік процесс құрап алуым үшін маған 1 жарым сағат уақыт қажет болды. Жалпы 3 сағатта мен толық роботты құрап шығардым. Менің ойымша алғашқы үренушілер үшін бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Жақындар барған жарысымда екі қарсыласым болды, роботтарды жарыстыру сайысында бір қарсыласты жеңіп, өкінішке қарай екіншісінен жеңілдік. Алайда біреуін жеңу деген мен үшін жетістік. Ондай сайылқа өз басым алғашқы рет қатысып тұрмын. Және оны құрау барысында фонтазия қажет, – дейді роботты техниканы меңгеруші, 6 «а» сынып оқушысы Диасыл Уразаков.

Мектеп ішінен «Жас сарбаз» әскери патриоттық қоғалысы да құрылған. Олар мектепте болатын тәрбиелік мәні зор және қалалық деңгейде болатын әскери-патриоттық шараларға үлес қосып жүр. Айт кету керек, биыл Жеңістің 75 жылдығына «Жас сарбаз» қатарындағы өрендер де атсалыспақ.

– Бүгінде мектепте 5-11 сынып аралығында 173 оқушы «Жас сарбаз» қатарына қабылданған, 9 взвод бар. Оларға екі пән бойынша яғни, «Әскери өнер тарихы» және «Саптық дайындық» бағытында сабақ жүргізіледі. Бірінші пән бойынша біз ата-бабаларымыздан қазірі таңға дейін жеткен әскери шеберліктерін меңгертеміз. Ал, екінші пән бойынша жоғары саптық бой түзеу, үлгілі әскери түр, саптық тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастырамыз. Ширақтылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі десек болады. «Жас сарбаз» қатарындағы оқушылар өз еркітерімен қайырымдылық шараларына да белсенді араласады. Айталық, оқушылардың көрсеткен қолұшының арқасында қарт кісілердің үйне барып, аулаларын қардан тазалап бердік. Ұлы отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына орай болатын қалалық деңгейдегі шараға ұйым оқушылары қатысатын болдады, дайындықты бастап кеттік, – дейді алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы ұйымының жетекшісі, жас білікті маман Алихан Сағитов.

Сондай-ақ, жаңа келген жас мамандар жаңартылған бағдарлама бойынша арнайы оқуларға жіберіледі. Олар үшін қалалық оқу бөлімімен келісіген арнайы кесте жасалған екен, сол арқылы лек-легімен оқып келуде. Оқушыларда облыстық, республикалық деңгейде өтетін білім-тәрбие бағытындағы жарыстарға үнемі қатынасады. Айталық, жақында «Ұла дала мұрасы» атты республикалық шығармашылық байқаудан жүлдері орындар алып оралды және оқушылардың демалыс орталықтарына барып бой сергітіп қайтуы да қарастырылған.

– Жақында «Балдаурен» балалар демалыс орталығында болып келдім. Біздің мектептен екі бала болдық. Келген жерімді, оқып жатқан мектебімді жоғары деңгейде таныстырғанымды мақтан етемін. Барған күннен бізді жақсы қарсы алды. Түрлі ойындар, жарыстар ұйымдасырды. Мен онда өткен ән байқауынан 1-ші орынды жеңіп алдым. Өзімде мектепішілік ән байқауларына қатысамын. Осындағы вокаль үйірмесіне барып, өзімді дамытудамын, – дейді 6 сынып оқушысы, жас әнші Мадина Бектаева.

Аталмыш мектепке балаларын оқуға берген ата-аналар қауымы да, мұңдағы білім сапасына оң бағалайды.

– Қаламызда мемлекеттік тілде білім беретін мектеп-гимназия ашылады дегенде расымен ішім жылып қалды. Қазіргі таңда балам осы мектепте 1-ші сыныпта оқиды. Оқу үлгерімі өте жақсы. Сынып жетекшісі Гүлбану Әбікенқызының сабақ беру әдіс-тәсілі көңілімізден шығады. Өз басым «Әуежай» ықшамауданында тұрамын, десекте баламды арнайы №28 мектеп-гимназиясына уақытылы сабағына апарып-алып келемін. Өйткені балаға қай жағынан алып қарасақ та жайлы. Мұғалімдері ұнайды, екінші жағынан сыныптастарынан ажырағысы келмейді, достары осы мектепте. Ондағы болып жатқан түрлі мерекелік шараларға баламызбен белсенді қатысып тұрамыз. Жуырда ұымдастырылған «Екі жұлдыз» атты шараға қызыммен қатынасып алғашқы орынды жеңіп алдым. Ол жағынан ата-ана ретінде әрқашан қолдау беруге әркез дайынбыз. Күніге теледидардан бала ұрлығы, одан да бөлек түрлі сұмдықтарды естіп-көріп жатамыз. Кей мектептерде кім кіріп, кім шығып жатқанынан, жауапты қызметкерлер бейхабар. Ал, бұл мектепте әр кірген адам тізімге еңгізіліп отырады. Ең бастысы балаларға қауіпсіз, олардың амандығы басты орынға қойылған, – дейді Маржан Мәдиқызының әкесі, Мәди Нұрмұхамбетов.

Мектептің тынсы-тіршілігін баяндай келе, білім ошағынан алдағы уақытта ата-ана үмітін, мұғалім сенімін ақтайтын шәкірттер шығатынына сенім мол.

Сералы МЫРЗАБАЙ,
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77