Новости

Облыстық кітапханада «Сенім» кітабының тұсаукесері болып өтті

Онда жиналған қауым кітаптың авторы Ақылбек Қожаұлына өздерінің жылы лебіздерін білдірді

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі ақын, Махмұд Қашқари атындағы халықаралық сыйлығының және «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхметтің «Сенім» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімін Ақылбек Қожаұлы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Сейфолла Шайынғазы ұйымдастырды. Одан бөлек шараға облысымызға белгілі ақын-жазушылар және коғам қайраткерлері қатысты.

Бүгінде шығармашылығына 50 жылдан аса уақыт болған Ақылбек Қожаұлы кітаптың не себепті «Сенім» деп аталғанын және жинақ жайлы толымды ой-пікірін білдірді.

Ақынның шығармашылығының өзекті тақырыптары: жақсылық пен жамандық, адамгершілік пен қаскөйлік сияқты адами қасиеттерге тән әрі жат қылықтар туралы жастар қауымына өсиетін жолдады.

Онымен қоса шығармашылығы бойынша алдағы жоспарларын көпшілікке айтып берді. Кешке арнайы шақырту алған қонақтар ақынды жаңа кітабымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Кітапхананың өлкетану әдебиеттер бөлімінің қызметкері Айтжан Құрманғалиұлын сөзге тартқанымызда, ол:

– Бұл туынды жиналған көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Ақылбек Қожаұлының шығармашылығын бала кезімнен оқитын едім. Міне, енді жаңа кітабы жарыққа шығып отыр. Кітаптың бірінші бетіне үңілгеннен оны соңына дейін оқып шығуға асығып тұрмын. Өте әсерлі де рухани құнды дүние екен, – деді.

Сондай-ақ кітапхана тарапынан ақынға арналған «Дара тұлғаға құрмет» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77