Жиында Жолдау талқыланды

 Жиында Жолдау талқыланды

Комментарии к записи  Жиында Жолдау талқыланды отключены

 „Нұр Отан„ партиясы Рудный қалалық филиалындағы азаматтар да мемлекеттік маңызы бар мәселелерге айрықша көңіл бөліп келеді

Бүгін аталмыш шаһардағы №1 шағын ауданның бастауыш партия ұйымында кезекті жиын болып өтті.

Онда үстіміздегі жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың „Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері„ деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Осынау басқосуды „Нұр Отан„ партиясы Рудный қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина ашты.

-Елбасының биылғы Жолдауы еліміздің өміріндегі елеулі оқиға болып табылады. Онда мемлекет басшысы еліміздің алдында тұрған үлкен міндеттерге жан-жақты тоқталған. Бұл маңызды құжат республикамыздың экономикасын нығайтуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Бұл маңызды құжатта Президент адами капиталдың дамуына, білім деңгейін жоғарылатуға айрықша назар аударған. Мұның бәрі де сайып келгенде, әрбір азаматтың алдағы уақытта жан-жақты қалыптасуына ерекше мүмкіндік туғызады,-деді ол.

Жиынның соңында „Нұр Отан„ партиясы Рудный қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Байғожин өз ойын ортаға сала келіп, еліміздің әлемдегі бәсеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін барша Қазақстан халқы жұдырықтай жұмыла еңбек етулері қажеттілігіне де тоқталды.

Жалпы, мемлекетіміздің халқы болашақта қазіргідей өркениетке ұмтыла беруі үшін елімізде ғұмыр кешіп жатқан барша қауым тұрақтылық пен келісімді нығайтуға барынша көңіл бөле берулері керектігі жөнінде де айтты.

 

Оразалы ЖАҚСАНОВ

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись