Ақынның 100 жылдығына арналды

Ақынның 100 жылдығына арналды

«Қазыналы Қайнекей» көрмесі көптің назарына ұсынылды

Жақында  облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық  музейіндеұ ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі Қайнекей Жармағанбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қазыналы Қайнекей» деп аталатын көрме ашылды.

Оған  ақынның фотоқұжаттары менәдеби туындылары қойылды. Басқосуға Қайнекейдің жанында жүріп, тәлім-тәрбие алған  ақын-жазушылар, филология ғылымдарының кандидаттары —  Қайнекейдің туысы болып келетін ақын Нағашыбай Мұқатов және Ыбырай Алтынсаринның мұрасын зерттеуші Серікбай Оспанов қатысып, Қайнекей Жармағанбетовтың өмірі, педагогикалық және шығармашылық қызметі, адамгершілігі, қамқорлығы туралы сыр шертті.

Мұражайға жиналған жергілікті кітапханалардың қызметкерлерімен Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары жеке тұлғаны барлық  қырынан танып, өздерінетың мәлімет алды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись