Новости

Адамның бес парызының бірі

Қостанайда қажылыққа дайындық семинары өтті

 Қасиетті бес парыздың бірі – қажылық жасайтын уақыт та таяпқалды. Осыған орай, облыстық мешітте болашақ қажылардың ұлы сапарға дайындық семинары болып өтті.

Бұл шара барысында, дін қызметкерлері күнделікті жүйелі түрде дайындық дәрістерін өткізді. Атап айтар болсақ, Икрам Бақытжан, Сыздықов Дархан, Төребаев Тимур, Бейсекеев Абзал, Балахмет Әлішер және Ғабдімәліков Есет сабақ жүргізді.

Дін мамандары қажылық рәсімін өткеру кезіндегі жайттарды, яғни парыздар, сүннет, уәжіп амалдардың бүге-шүгесіне дейін түсіндірді.

Міне, бұл Ұлы сапарға Қостанайдан  биыл сегіз адам барады. Олар еліміздің «Нұр Қазақстан», «Қызмет саяхат» және «Атлас туризм» компаниялары арқылы аттанатын болады.

Қажылыққа аттанғалы отырған жерлестеріміздің ниеттері қабыл болып, сапарлары сәтті болып, отбасыларына аман-есен оралуларына тілектеспіз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77