Айбек Қалиев – Бас жүлдені жеңіп алды

Айбек Қалиев – Бас жүлдені жеңіп алды

Жуырда «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық жылдың республикалық қорытынды айтысы болып өтті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткен бұл айтыста елімізге есімдері кеңінен белгілі талапты да дарынды ақындар қатысты.

Атап айтар болсақ, Айбек Қалиев, Ринат Зайытов, Аспанбек Шұғатаев, Иран-Ғайып Күзембаев, Мақсат Ақанов,Жансая Мусина,Мейірбек Сұлтанхан және басқа да айтыстың сәнін келтіріп жүрген ақындар бақтарын сынады.

Аламан айтыста кино және театр тарланы, Қазақстанның Еңбек Ері  Асанәлі Әшімов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері әділ қазылық етті. Сонымен қатар жылдың осы қорытынды айтысын Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші көптеген сайыста талай жүлделерді  алып жүрген дарынды жерлесіміз Айбек Қалиев бұл жолы Бас жүлдеге тігілген жеңіл автокөлікке ие болды. Ал бірінші орынды ерекше мақамы бар, айтыстың еркесі Жайықтың Жансаясы  жеңіп алды.

Басқа  да ақындар жүлдесіз қалмады. Барлығына да қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Біз Арқалық қаласында тұратын «Айтыстың ақтаңгері» атанған Айбек Қалиевке алдағы уақытта да мықты денсаулық, шығармашылықта табыс тілейміз. Оған әрқашан да шығар тауың биік болсын деген ізгі ниетімізді білдіреміз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись