Олардың болашағы жарқын


Жуырда облыс орталығындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық «Ғасырлар үні» деп аталатын балалар шығармашылық байқауы өткізілді. Оның алдына қойған мақсаты — ұмыт бола жаздаған дәстүрлі және халық әндерін кейінгілерге насихаттау және дәріптеу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына балалардың қызығушылығын барынша арттыру еді.Ұмытылмас іс-шараға «Наш Костанай» газетінің басшысы Мешіт Ғазиз, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Манапбек Кәдіров, облыстық көркем өнерпаздар шығармашылығы орталығының әншісі Алпыс Абзал, «Мирас» мәдениет үйінің әншісі Азамат Мұқатовтар әділқазылық етті.

Осынау өнер додасы екі номинация бойынша ұйымдастырылды. Жалпы, байқауға 27 талапкер қатысты. Олардың қатарында Қостанай шаһарындағы бірқатар білім ордаларының шәкірттері өздерінің бақтарын сынады. Сайыстың қорытындысы бойынша «Ұлттық аспаптарда жеке орындау» номинациясында бірінші орынға №24 мектеп-гимназияның шәкірті Ақбота Түкенова, екінші орынға №1 мектеп-лицейі, №3 мектеп-гимназиясы мен №24 мектеп-гимназиясының оқушылары Бибінұр Қадыр, Талғат Батыртай, Санжар Санай, үшінші орынға №20 орта мектебінің шәкірттері Жансұлтан Жалғасбек, Тұрар Өтемісов, №115 орта мектебінің оқушысы Жансерік Қалиолла ие болды. Сондай-ақ «Ұлттық аспаптарда топпен орындау» номинациясында бірінші орынға Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның оқушылары Алдияр Райсов, Абылай Жиенше, екінші орынға №24 мектеп-гимназиясының шәкірттері Мансұр Байдәулет, Роза Кенжебек, Шахерезада Исламхан, №20 орта мектебінің домбырашылар тобы көзге түсті. Сонымен қатар «Дәстүрлі және халық әндерін орындау» номинациясы бойынша Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы Мәдина Докишева, екінші орынға №20 орта мектебінің шәкірті Перизат Гиса, Ариман Егізбай, үшінші орынға №20 орта мектебінің оқушысы Әлихан Қайратұлы, №24 мектеп-гимназиясының шәкірті Аружан Сомтемірова ие болды.

Осы аталғандармен қатар «Дәстүрлі және халық әндерін орындау» номинацияларында орыс мектептері арасында бірінші орынға №8 орта мектебінің оқушысы Айнұр Оспанова, екінші орынға физика-математикалық лицейінің оқушысы Айдана Мәрденова, үшінші орынға №6 орта мектебінің шәкірті Мария Копейкина ие болды.

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись