Қаламыздағы Жеңіс саябағында веложүгіріс бастау алды

Қаламыздағы Жеңіс саябағында веложүгіріс бастау алды

Осы тарихи күнге байланысты жыл сайын 26 сәуір күні біздің майдангерлер майданға аттанған алаңда жиын өткізіледі

Бұл веложүгіріс Қостанай қаласында құрылған 151-ші атқыштар бригадасының майданға аттанған күніне арналған. Биыл сол күнге 77 жыл толып отыр.

Жүгіріс қаламызда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Мақсаты – жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

151-ші ОСБ және 150-ші атқыштар дивизиясының Кутузов ІІ-дәрежелі ордені Берлинсеко-Идрицкий дивизиясының жауынгерлерінің ерлігін мәңгі есте сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Жарыс алдында сөз сөйлеу құрметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Ерлан Амандықұлына және Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Юри Александрович пен Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының басшысы Бикенов Нурланға берілді.

Сондай-ақ майдангерлер рухына тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды.
Веложүгіріс Гагарин көшесінен бастау алды.

Бұл веложүгіріске ерікті қала тұрғындары мен студенттер және мемлекеттік қызметкерлер атсалысуда.

Жарыс жеңіспаздарын күтіп алып марапаттау 12-де Балалар шығармашылығы үйінің алаңында өтпек. Бұл жерде 151-ші атқыштар бригадасының жауынгерлерлерінің шеберліктерін тексеру шарасы өткізілген жер. Сол себептен де қастерлі орын саналмақ.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись