Социум

Арыс қаласының халқына көмек ретінде

Өңіріміздегі бірқатар намазхан бауырлар мен дін қызметкерлері өздерінің бір күндік еңбекақысын аударды

 Апат айтып келмейтіндігі белгілі. Қалың қазақ тұратын Арыс қаласындағы оқиға барша қандастарымызға үлкен ой салды.

Осындай жағдайда бүкіл ел болып көмек көрсетіліп жатқаны баршаға мәлім. Осыған дейін облыс әкімінің тапсырмасы аясында Қостанай облысы атынан 20 тонна ұн, 7 тонна макарон мен 3 тонна кондитерлік өнімдері бар авто керуені жолданғаны белгілі.

Тұрып жатқан баспаналарынан айрылып, тоз-тоз болып, өзге өлкелерге табан тіреген қандастарымыздың бүгінгі жағдайы жайлы Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы «Арыс қаласындағы жағдай бәріміздің де қабырғамызды қайыстырып, терең ойда қалдырғаны аян. Қазіргі таңда бүкіл елімізде оларға азық-түліктей, қаржылай көмек ұйымдастырылып жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл орайда дін қызметкерлері де жоғары саналылық көрсететіндігі даусыз» дей келе, көпшілікті қайырымдылыққа шақырды.

Міне осы орайда жақында өңіріміздегі бірқатар намазхан бауырлар мен Қостанай облысы бойынша барлық дін қызметкерлері бір күндік еңбекақысын қосқанда 644 000 теңге көлемінде көмек жолдады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77