“Қасиетті домбыра”

“Қасиетті домбыра”

Бүгін Н. Островский атындағы қалалық кітапханасында ұлттық аспаптарыызға арналған “Жәдігер” көрмесі мен қолөнер шеберлерімен кездесу өтті

Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясына белгіленген 1-шілде ұлттық домбыра күні ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап қайта жаңғырту идеасын іске асырмақшы. Сан ғасырдың сипатын сыңғыр үнмен жеткізген кітапхана оқырмандары куанғандарын жеткізді. Осы атаулы күнге орай кітапхана шаңырағында өнер адамдары “Қостанай қаласының құрметті азаматы” ақын, қолөнерші

Серікбай Оспановпен, қолөнер шеберінің майталманы суретші-мүсінші Мұхаметқали Рахалиевпен кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ат кәсіп, қолөнермен шұғылданатын шеберлерді дәріптеу.

Серікбай ағамыз домбыраның тарихы жайында сөз қозғап, келген қонақтарды әсем әнмен сусындатты.

Он саусағыңыздан өнер тамған шебер Мұхаметқали Рахалиев саз аспаптарын жасап жүргене 30 жылдан асқан. Домбыра жасаудан шектелмей сурет салып, мүсін жасайтын жасырмады. Сонымен қатар, кездесуде домбыраның түрлеріне де әңгіме өрбіді. Қос ішекті домбырадан өзге үш ішекті, бес ішекті одан қалды он бір ішектілері болғанды-мыс.

Кездесу тек аспаптың тарихы мен екі қолөнердің әңгімесі емес, домбыра туралы аңыздардар айтылды.

Сондай-ақ қаламызда алғашқылары болып, күйшілер мен әнші жастардың басын қосқан “Домбыра party” ұйымдастырған, журналист Қымбат Досжановада қатысты. 2013 жылы Астанамызда журналист Маралбек Сағынғанов бастаса, 2015 жылы қаламызда өтті.

Айта кетсек, 1 шілде күні Тобылдың жағасында, Домбыра күніне орай, “Домбыра-Думан” мерекесі болады.

Нұрия Батырбайқызы

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись