Астанада өткен көрме

Астанада өткен көрме

Мұнда мұражай қызметкерлері белсенділік көрсетті

Жақында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде көрме ұйымдастырды.

Бұл көрменің алдына қойған басты мақсаты-жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тұңғыш мектептер ашып, қазақ халқын өркениетке жеткізу үшін аянбай еңбек еткен бабамыздың өмірі және қызметі, рухани мұрасын насихаттау еді.

Ондағы экспозиция залына ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің кезінде өзі қолданған төсек қабы мен түпнұсқа кітабы, кесенесінің макеті, кітаптары, көрнекті тұлға жайындағы фотоқұжаттар, нағашы жұрты қолданған ағаш келі-келсап және Шеген бидің шапаны, құнды жәдігерлер қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды.

Аталмыш көрмеге Қазақстанның халық ақыны Қонысбай Әбілев, қазақ радиосының бұрынғы дикторы Күләш Молдахметова, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және зиялы қауым қатысты.

Сондай-ақ, экраннан ағартушы туралы деректі фильм көрсетілді. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы-педагог» көрмесі 1 ай бойы жұмыс істейді.

Мұражай басшысы Марғұлан Оспанов бастаған ұжым қызметкерлері өздерінің тың ізденістерімен әрдайым көрермендерге ұмытылмас рухани байлық сыйлап келеді.

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись