Қасымхан Алдабергенов: Жаумен бетпе-бет келдік… 

Қасымхан Алдабергенов: Жаумен бетпе-бет келдік… 

Бүгінде 95 жасты алқымдаған ардагер Қасымхан Алдабергенұлы әлі қуатты!

Ұлы Отан соғысының ардагері, он сегізінде откешкенҚасымхан Алдабергенов майданда өткерген сәттерін асқан күңіреніспен баяндап берді.

Ол соғыстың сол кездегі Одақтас елдерге, опасыздықпен, айтпай басып кіру әдісіменен келіп, ойламаған сәтте шабуыл жасағаны баршаға аян. Отан үшін, ел үшін миллиондаған боздақтар қан төкті, жанын пида етті. Қай ұлт болмасын 9 жасар баласынан 90 келген қариясына дейін ер, әйел деп ажырамай тылда еңбек етті.  Осының бәрі тек Жеңіс үшін. Баршасының өң бойын Отанға деген ұлы күш билеп тұрды. Халықтар достығының беріктігінің арқасында күш біріктіріп, жауды жеңді.

1943 жылы Кеңес Армиясы әуе-десант әскерлерін құра бастады. Қасымхан Алдабергенов 105-ші әуе-десант әскерінің командирі әрі пулиметшісі болды. Жауды дүркіретіп қуып салып, қорғаныста тұрған дивизиясын бұзып-жарып, Батыс Еуропа – Венгрия, Австрия, Чехословакия елдерін фашизмнен азат етуге қатысты.

1 мамыр таның Вена қаласында атырып, үлкен алаңға дастархан жайып атап өтеді. 4 мамыр күні дивизия құрып, Дунайдан өтіп қайтадан шепке тұрып, тағы да алдыға жылжиды. Чехословакияға жеткенде байланыс командирі хабарлап соғыстың аяқталғанын жеткізеді. Бөркімен қоса қарумен оқты тарсылдатып аспанға атып Жеңіс, жеңіс бізде! деп ұрандатты. Алайда…

— Біз 12-ші мамырға дейін соғыстық. Кәдімгі соғыс. Тізбекпен келе жатсақ алдымыздан жау шығады. Тарсыл-гүрсіл атыс басталады. Жау болса шамалы атысып, кері шегінеді. Өйткені Америка әскері келе жатырған, соларға сенген болуы керек. Біразға дейін берілмей, біздің жеңісті мойындамады, мойындаттық, — дейді Қасымхан ардагер.

Сөйтіп, жеңіс танын атырып, 20 күндік жолды 25-30 шақырымнан кемітіп отырып кері қайтып Будапештке келеді. Ары қарай пойызбен 1946 жылдың қаңтар айында Ресейге оралады.

1943 жылдан бастап 1950-ші жылға дейін соғысты өткерді, оқу-жаттығуларында болып, жеті жарым жылдық өмірі соғыста, әскерде өтті.

Елге оралған соң ауылшаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына ат салысты.

— Қай әулетті алып қарасақта, соның атасы әкесі баршасын соғыс оты шарпыды. Жастарға рахмет бар құрметін көрсетіп жатады. Қоғамдық ортада Ұлы Отан соғысының ардагерімін десем таңырқап қарайды. Кешегі қырғыннан оқ пен оттың арасынан аман келген деп аңыз адам көреді, — дейді ардагер.

Ардагердің айтуына қарағанда қостанайлық ҰОС-ның ардагеріне қажетінше құрмерт көрсетілуде. Кез-келген ортада абырой биігінде әрқашан.

Құдайға шүкір, биыл тоқсан беске келетін майдангер тың, қуатты. Әлі күнге дейін қолынан қаламы түскен емес. Шолпан әжеміз екеуі бала-шағаның ортасында немере-шөберенің қызығына малшынып ғұмыр кешіп жатыр.

Ардагер абыздарымыз аман болғай!

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись