«Қазақ» газетіне-105 жыл

«Қазақ» газетіне-105 жыл

Осы айтулы датаға байланысты басқосу болып өтті


Жуырда қазақ даласында жарыққа шыққан алғашқы басылымдардың бірі және бірегейі — «Қазақ» газетіне 105 жыл толды.

Осыған орай, А.Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы «Алғашқы қарлығаш» атты іс-шара ұйымдастырды. Оған Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынан филология факультетінің 1-курс студенттері және белгілі журналист, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Шұға Қоңқабай қатысты.

Қатысушыларға «Қазақ» газетінің тарихы, сол кездегі елдегі саяси ахуал, газетті ұйымдастырушы яғни Алаштың ардақтылары жайлы жан-жақты баяндалды.

Сондай-ақ ұлтымыздың қамын ойлап, жоғын жоқтаған басылым туралы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы түсірген бейнеролик көрсетілді. Шақырылған арнайы қонақ газет туралы әңгімеледі. Газеттің шығуына көп еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов даңқты жерлесіміз, ұлы тұлға болған жерлерге ұйымдастырылған экспедиция, облыстық «Қостанай таңы» газеті туралы өз ойларын ортаға салды. Студенттер журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары жөнінде көкейде жүрген сұрақтарын қойды.

Іс-шара соңында парасат ордасындағы кітапханашы «Газет- халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген кітап көрмесіндегі қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалармен және басқа да құнды дүниелермен келушілерді жете таныстырды.

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись