Қазақ күресінен ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін балуандар бақ сынасты

Қазақ күресінен ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін балуандар бақ сынасты

Осыған байланысты қаламызда «Қостанай қыраны» облыстық іріктеу турнирі өткен болатын

Бұл жарыс биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдымен, аудан, қалалардың балуандары өз аумақтарында іріктеу кезеңдерін атқарды. Жауырынын жерге тигізбей, жеңіп шыққан боз кілем шеберлері финалдық кездесуге жиналды. Саңлақтарымыз сапалы дайындықпен келген. Екі күнге жалғасқан балуандар додасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті.

— Осымен екінші мәрте «Қостанай қыраны» атағын иелендім. Бірақ, бұл жолғы жеңіс оңайлықпен бағынбады. Қарсыластарымның бәрі мықты. Әсіресе, Абылайхан Қасымхан мен Талғат Жиентаевтың дайындығы жақсы еді, — дейді жарыс жеңімпазы.

«Түйе палуан» бәсекесіне 20-дан астам балуан тіркелді. Іріктеле келе  жарыстың финалында  қазақ күресінен спорт шебері Ғабит Балғынбаев пен бірнеше мәрте облыс көлемінде чемпион атанып жүрген Асылбек Әбдіров кездесті. Жиылған жанкүйерлердің қолдауынан күш алған Балғынбаев қарсыласынан басым түсті. Айта кету керек, осы екі палуан облыс намысын республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қорғайтын болады. Үшінші орында жас балуан Дәулетхан Қосмағамбетов жеңіп алды.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Қостанай қыранына» 300 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись