Қазақтың қайсар қызы Аруна Жақсығұловамен кездесу

Қазақтың қайсар қызы Аруна Жақсығұловамен кездесу

 Біздің газеттің оқырмандарына Аруна Жақсығұлованың есімі жете таныс

Өйткені, ол ғұмырлық серігі Дүйсенғали Оспанов екеуі «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігін басқарып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызуға үнемі ұмтылыс танытып келеді.

Олардың осы бағыттағы атқарған жұмыстары да нәтижесіз емес. Талай кездесулерді ұйымдастырып, игі бастамаларға ұйытқы болуда. Өткен жылдарда олардың тындырған істері ауыз толтырып айтарлықтай.

Аруна Қарасу өңірінің перзенті. Оның қаламгерлік қырларын да жақсы білеміз. Қазіргі уақытта оны бүкіл қазақ елі ардақ тұтады.  Жуырда облыс орталығындағы Достық үйінде еліміздегі арбада отырып, би билеуде көзге түсіп, әрі оны өркендетуге мол үлесін қосып  жүрген жерлесімізбен жүздесу ұйымдастырылды.

Бұл кеш облыстық ішкі саясат басқармасының тікелей қолдауымен өткізілді. Ол «Атамекен», «Облыстық ресурстық орталық» атты жобаларының аясында ұйымдастырылғанын да айтып өткеніміз абзал.

Иә, Аруна қазақтың қайсар қызы. Ол жастайынан алдына үлкен мақсат қойды. Бұл негізінен халқына адал қызмет ету және айналасындағыларға қамқорлық жасау еді. Өткен жылдарда өзінің нақты істерімен кейінгі сіңілілеріне үлгі көрсетті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись