Байқаудың тәлімдік жағы зор

Байқаудың тәлімдік жағы зор

Мәдени іс-шара білімділерді анықтады

«Тіл – халықтың көрнекті жетістігі және оның ажыратылмайтын, бөлінбейтін бөлшегінің белгісі. Тілдің дамуы тұтас және бүтіндей ұлттық мәдениетінің дамуымен байланысты және бұл кезекте өзінің қоғамдық қызметін атқарады». («Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңынан). Мемлекет Қазақстан халықтарының тілдерін оқу үйренуге және дамытуға барлық жағдайларды жасап отыр.

2018 жылғы 6 қыркүйектегі  Қазақстан Республикасының халықтарының тіл мерекесіне арналған 2031 әскери бөлімі әскери қызметшілері – тіл үйренушілер  арасында Л.Толстой атындағы Қостанай ғылыми-әмбебап кітапханасында аталған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, тіл мерекесіне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет!» атты байқау өткізді.

Байқаудың басты мақсаты — әскери қызметшілердің өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Әділ-қазылар алқасының құрамына Қостанай облысы  әкімдігінің тілдерді дамыту жөнінде басқармасы «Тілдарын»     тілдерді дамыту облыстық орталығының   әдіскері Алтынай Доспанова, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушысы — майор Анна Жукова, ҚР ҰҚК 13-інші бөлімінің жауапты орындаушысы, аға  сержант Аягөз Беркенова, кітапхананың  қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар «Тұлпар» және «Алғырлар» топтарына бөлініп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мақал-мәтелдерін  білу, мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізу, Қазақстанның тарихы туралы сұрақтарға жауап беруден сайысқа түсті.

Байқау тиісті деңгейде өтті. Онда маңызды жайлар әңгімеге арқау болды. Осы сайыстың нәтижесі бойынша «Алғырлар» командасы бірінші орынды иеленді. Іс-шарада белсенді қатысушылардың еңбектері де аталып өтілді. Осы басқосу елімізде мемлекеттік тілдің аясы кеңейіп келе жатқандығын да көрсетті. Жиналғандар көптеген игі әсерге бөленді.

Байқауға қатысқан барлық әскери қызметшілер тыңғылықты дайындық жасағандары және білімдері мен біліктіліктері ескеріліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

-Жалпы, көп тіл білгеннің ұтары мол. Қазіргі таңда елімізде үш тұғырлы тіл бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мұны біздің әскери қызметшілерде терең түсінген дейді, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушысы, майор Анна Жукова.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись