Барша еліміздің мақтанышы

Барша еліміздің мақтанышы

Болып отырған Елорда жайлы сөз


Көптен бері баршамыз үлкен қуанышпен күткен Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы да келіп қалды. Оған жан-жақты дайындықтар жасалып жатқандығы белгілі.

Соның қарсаңында бірқатар өңірлердің өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, Елордамыздың халқына жоғары көңіл-күй сыйлады.

Одан басқа да алыстан жақыннан келген азаматтардың назарына қаншама мәдени шаралар көрсетіліп жатыр. Әрине, бұл өте адам баласын шаттыққа бөлейтін жарқын көріністер екендігі айтпаса да түсінікті.

Бүгінде әлем мойындаған астанамыздың мерейтойы кімнің болмасын қызығушылығын тудырып отырғаны белгілі.

Замандастарымыз өздерінің кезекті демалыстарын алып, осы арман қала Астананың өткен жылдарда қол жеткізген табыстарын өз көздерімен көріп, таң қалыстарын білдіруде.

Өйткені, бүгінгі Елордамыз шын мәнінде республикамыздың бас қаласы. Оған өзге облыстардың тұрғындары да қарап бой түзейді.

Егер айта берсек, 20 жылдың ішінде жүзеге асырылған істер ауыз толтырып айтуға әбден лайықты.

Енді осы әсем де сұлу қаланың көркін келтіріп отырған кейбір орындарға да тоқталып өтелік. Мұнда атбасын бұрған үлкенді кішілі қауым міндетті түрде «Бәйтерек» монументіне соқпай кетпейді.

Оның ең биігіне көтерілсең шаһардың ауқымы кәдімгі өзіндік ереркшелігімен көзге түседі. Сол кезде еріксіз мақтаныш сезімі кернейді.

Астана аз уақыттың ішінде басқа елдердің жылдар бойы жетпеген нәтижелеріне ие болып, бұл күндері күллі әлемді тәнті етіп келеді.

Бұрын ешкім де облыс орталығы Целиноград шаһары дәл осындай бір мемлекеттің астанасы болады деп тіпті ойламағаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі әрі тікелей бастамасымен қазіргідей деңгейге көтерілдік.

Қазіргі Елордамызды мемлекет басшысының есімімен тығыз байланыстырамыз. Оның салиқалы саясатының арқасында дүниежүзі тамсана қарайтын Астанаға айналдық. Бұл күндері онда әлемдік деңгейдегі қаншама елдерді жақындастыра түсетін жиындар мен басқосулар өткізіліп отыратындығы да көпшілікке мәлім.

Осынау мерейтой қарсаңында бұл күндері Астана шаһарында ғұмыр кешіп жатқан қостанайлық жерлесіміз Гүлжан Әжібаеваны тілге тарқанымызда, ол бізге былай деді:

Біз отбасымызбен осыдан он жыл бұрын қоныс аударғанда Астана мүлдем басқаша болатын. Содан бері де біраз уақыт сынаптай сырғып өте шықты. Отағасы да мен де үлкен қалаға тез үйреніп кеттік.

Қазір мұнда жұмыс істейімін, оқимын деген кісіге барлық мүмкіндіктер бар. Балаларым осы Елордамызда тұрып жатқандарына өздерін ерекше бақытты сезінеді.

Өзім Астананың туған күні қарсаңында барша еліміздің халқына мықты денсаулық, отбастарына бақыт пен шыттық тілеймін. Бас қаламыз алдағы уақытта да гүлдене берсін. Оған бәріміз де лайықты үлесімізді қосайық.

Астана достық пен ынтымақтың қаласы. Ауызбірліктің ордасы. Өзге халықтардың өкілдері дәл осылай атап жүр. Жалпы, жаңалықтар да тың өзгерістер де, игі жақсылықтар да осында емес пе.

Мәселен, биыл тұңғыш рет Елордамызда домбыра күні аталып өтті. Нағыз рухани жаңғырудың жарқын үлгісі осы ғой. Болашақта да өз басым Астанамыз құлпыра түсетіндігіне нық сенімдемін.

Жасай бер, жайнай бер елімнің мақтанышы Астанам!

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет ғаламтордан алынды

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись