Бас жүлдені Мұхтар Ниязов иеленді

Бас жүлдені Мұхтар Ниязов иеленді

Айтыс ақындары екі күн бойы жерлестерімізге рухани ләззат сыйлады

Екі күн бойы қостанайлықтарға рухани нәр сыйлағын  „Тобыл — Торғайым, жүректен толғайын!„ деп аталатын республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.

Бұл мәдени шара батыр бабамыз Шақшақ Жәнібектің 325, ақын Ақсұлу Орысбайқызының 145 және көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы Қайнекей Жармағанбетовтың 100 жылдығына арналғаны белгілі.

Оны жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Қостанай облыстық әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысы Ерлан Қалмақов көп еңбек сіңірді. Сөйтіп, өзінің руханиятқа жаны жақын екендігін іс жүзінде дәлелдеді. Сондықтан жерлестеріміздің оған деген алғысы шексіз.

Бұл айтысқа еліміздің бірқатар қалалары мен өңірден 14 айтыскер қатысты. „Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар„ демекші, қос рет  „Алтын домбыра„ жүлдесінің иегері атанған Мұхтар Ниязов Бас жүлдені жеңіп алды.

Оған Бас жүлдеге тігілген яғни Қостанайда құрастырылған шетелдік жеңіл көліктің кілтін облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев салтанатты түрде тапсырды.

Айтыстың қорытындысы бойынша бірінші орынға Шұғайып Сезімхан, екінші орынға дарынды айтыс ақыны Айбек Қалиев пен Қазірет Бердіхан, үшінші орынға Марат Ахметов және Мейірбек Сұлтанхан ие болды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Барлық қатысушылар сый-сияпатсыз қалмады.

Оразалы Жақсанов

Фото Багдад Ахметбеков

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись