Биыл туған жері үшін күрескен  халық батыры, А.Имановтың туғанына 145 жыл

Осы айтулы датаға орай Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Батырдың биік тұлғасы» деген тақырыпта тарихи кеш өтті. Жиын барысында елім деп жүрегі соққан халқымыздың адал перзенті хақында Амангелді Имановтың ұрпақтары Бақытжан Жүсіпов пен Таймас Сұлтанов өз естеліктерімен бөлісті.

Кездесуге Амангелді бабамыздың сарбаздарының бірі атанған  Қайранбай Малшыұлының баласы Жақсылық Қайранбайұлы қатысып,  жастарға  батырдың өмір жолы мен ерліктері жайында баяндап берді.

Амангелді батырды айтқан кезде Үрпек ауылына тоқталмай кетуге болмайды. Осы ауылда орын алған тарихи оқиғаларды Амангелді ауданының тұрғыны – Əбдіқадыр Əбілтаев әңгімеледі.

Одан бөлек, 2016 жылы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына байланысты «Өр Торғай – ерлік мекені» атты экспедициясы да ұйымдастырылды. Аталмыш экспедицияның басы-қасында болған Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып сөз сөйлеп, жиналғандарға үлкен ой салды.

 

Жамал ШАУКЕНҚЫЗЫ

 

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись