Белгілі актер Азамат Сатыбалдымен кездесу өтті

Белгілі актер Азамат Сатыбалдымен кездесу өтті

7-8 наурыз күндері қостанайлықтардың назарына «Күйеуіңізді сатыңызшы» деп аталатын комедиялық спектаклі ұсынылмақ

Бұл жөнінде шаһардағы Островский атындағы кітапханада  өткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдымен кездесу барысында белгілі болды

Өңірімізге өзінің жеке театрын бастап келген дарынды актер Елімізде көпшіліктің жүрегіне жол тапқан «Қара шаңырақ», «Бір сен үшін» атты киноларда басты рөлді сомдаған актердің М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың белді әртісі екені көпке белгілі.

Кеш барысында ол өзі жайлы да айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, үлкен отбасында дүниеге келіпті. Жанұядағы 9 баланың кенжесі.

Кішкентайынан алдына үлкен мақсат қойды. Негізі ата-анасы мұның әскери адам болғанын қалаған. Алайда ол өсе келе өнер жолын таңдады.

Ол Қостанайға ерекше құрметпен қарайды. Себебі, өзі кәсіби актер ретінде алғаш рет үлкен сахнаға Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында шықты.

Кітапханадағы басқосу өте әсерлі өтті. Белгілі актерге көптеген сауалдар қойылды. Ол барлық сұрақты нақты жауап берді.

Қос тілді  «Наш Костанай» газетінің ұжымы оған болашақта да шығармашылық табыс тілейді.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись