«Наш Костанай» – біздің рухани жан серігіміз

Қостанай қаласы десе есімізге осы шаһарда шығатын қос тілді «Наш Костанай» газеті еріксіз түседі. Өйткені, ол жергілікті халықтың сүйікті басылымына айналған. Облыс орталығының тыныс-тіршілігін баяндайтын газетте көптеген маңызды тақырыптар арқау болады. Оны жастардан бастап зейнеткерлерге дейін іздеп жүріп оқиды десем қателеспейтін болармын. Кейбіреулер ғаламтордан барлық соңғы жаңалықтарды білуге болады деп есептейді. Алайда, өз басым мерзімді баспасөзсіз өмірімді көз алдыма елестете алмаймын.
Ең бастысы жоғарыда аталған басылымның журналистер қауымы да өздерінің мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Олар жергілікті тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелерді дөп басып, оларды толғандырып жүрген жайларды қозғайды.
Нағыз халықтың мұң-мұқтажын ойлайтын газетке қазір жазылу жүріп жатыр. Сондықтан уақыттан ұтылып, қолымызды кеш сермеп қалмайық.
Бұл басылымның менің рухани жансерігіме айналғанына біраз жылдар өтті. Соңғы жылдары тіпті арқау болған жайлардың ауқымы да кеңейді. Ондағы ана тілімізде шығатын «Біздің Қостанай» қосымшасындағы танымдық-тағылымдық жағы мол дүниелерді ұрпақтарымызға да оқып береміз. Олар да қызыға қолдарына алады.

Ажар ЕРНЕШБАЕВА

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись