«Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалының ғимаратында №1 Токин сайлау  округі бойынша осы аудандық  мәслихатың депутаты  Гүлім Ысмағұл қоғамдық қабылдау өткізді

Қоғамдық қабылдауда болған Торғай ауылының тұрғыны, зейнеткер Рахым Рыскелдин  көпшіліктің  көкейіндегі жүрген өзекті мәселені көтерді. Осы уақытқа дейін аудандық аурухананың күндізгі бөлімінде ем алуға келген науқастар бес күн ғана ем қабылдайтын. Ал, зейнеткер алдағы кезде күндізгі ем қабылдау мерзімін  ұзартып, жеңілдетілген  дәрі-дәрмек  тізімін ашық  жариялап  тұрса деген ұсыныс жасады.

Аудандық мәслихаттың депутаты күндізгі ем қабылдау мерзімін ұзарту жөнінде аудандық аурухананың басшысына  арнайы сауалнама жолдайтынын айтты. Жеңілдетілген дәрі-дәрмек  тізімін жаңалап отыру  мәселесі болашақта   оңтайлы шешімін таппақ.

                                                                                   «Өз тілшімізден»

 

Оразалы Жаксанов

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись