Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы жөнінде

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әрбір Қазақстан халқына Жолдауында қалың жұртшылық үшін аса маңызды мәселелерді жан-жақты қозғайтыны көпшілікке белгілі.
Жуырда ғана ол осындай кезекті Жолдауын жария етті. Ол «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталады.
Елбасы ең алдымен өткен 27 жылдың ішінде республикамызда атқарылған елеулі жұмыстарға тоқталып өтті. Оның ішінде әрине, экономикамыздағы өсім, Елордамыз Астананың қазіргі даму барысы және басқа да өзекті жайлар баяндалды.
Сонымен қатар барша жұртшылықтың алдында тұрған басты міндет — әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігі де айтылды.
Бұл күндері еңбек етем деген адамға барлық мүмкіндіктер бар. Кәсіби жағынан жақсы дайындалған, шеберлігі жоғары, білімді маман жұмыссыз қалмайтындығы тілге тиек етілді.
Сонымен қатар ол 2019 жылды жастар жылы деп атауды ұсынды. Қазақстанда жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру жайы ерекше назарда ұсталуға тиіс екендігі сөз болды.

Бекежан Көшмырзин,
С. Мәуленов атындағы
гимназияның директоры

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись