Имамдарға арналған тағылымы мол семинар

Имамдарға арналған тағылымы мол семинар

 ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігіне қарайтын қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған үш күндік семинар болып өтті

Алғашқы күні Түркістан қаласында қаңтар айында  өткен «Ислам және ұлы дала өркениеті» конферениясында қабылданған үндеу таныстырылып, талқыланды.

Келесі күнгі басқосуда өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлы және облыстық мешіттің найб имамдары  Әбдіқахар Садықұлы, Дархан Манарбекұлы және Әлішер Балахметұлы «Фиқһ және Ақида» оның ішінде «Фиқһта талақ мәселесі» және «Ақидада имам ағзам Әбу Ханифаның өсиеті», «Құранды дұрыс оқу ережесі» тақырыптарында сабақ өткізді.

Үшінші күні дін қызметкерлері қазіргі таңдағы келелі мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет өкілдерімен кездесті. Оған Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі және Ішкі саясат басқармаларының  мамандары, ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті мен ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Қостанай облысы департаменті өкілдері арнайы шақырылды.

Сонымен қатар осы күндердің қорытындысы бойынша өңіріміздегі дін қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық ойындар ұйымдастырды. Ол тиісті деңгейді өткізілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Редакция НК

Похожие записи

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись