Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
НАШ КОСТАНАЙ   1 от 06-01-2017
  10-01-2017 16:28
» назад   
Өз саласының білікті маманы, профессор Мәнсия Сәмәмбет жайлы мөлтек сыр

Ресейде оқыған қыз

Өз саласының білікті маманы, профессор Мәнсия Сәмәмбет жайлы мөлтек сыр

Қостанайда бүкіл ғұмырын білім саласына арнап кележатқан қазақтың аяулы қыздары аз емес. Солардың бірегейі арамызда жүрген ардақты жан Қостанай мемлекеттік университетінің  профессоры Мәнсия Қалмағамбетқызы Сәмәмбет.


Мектептен алғырлық танытты


Осынау өзінің күнделікті жұмысына мығым тұлғаны біраз жылдардан бері білемін.Ол жайлы өңірдегі руханият маңында жүрген аға буын өкілдері мен замандастарының  пікірлері өте жақсы.


Ғылымның қия жолында келе жатқан ұстаздың өмірі де аталған кәсіпті таңдаған кейінгі өскелең жастарға қай жағынан болсын өнеге. Сондықтан қаншама әріптестеріне тәлімгер ретінде ғибрат көрсеткен жанның өткен шақтарына қысқаша шолу жасағанымыз жөн болар.


Әулет басшысы Қалмағамбет аға сонау жылдары ауылда  гараж меңгерушісі де болды. Өзінің бай тәжірибесін өзгелермен  бөлісуді де ұмытқан емес. Елді мекенде сыйлы еді. Сондай қасиеттерімен жұртшылықтың жадында мәңгілік қалды.


Ол өз бетінше ізденуге көп көңіл бөлді.Кешегі қанды майданды бастан кешкен ардагердің айтары да мол болатын.Оның бойындағы асыл қасиеттер балаларына да жұқты.


Бұлардың әулеттері қиындықты да аз тартқан жоқ.Ұлтымызға қара бұлт болып үйірілген нәубет жылдары көршілес Ресейде тұрды.Атамекенге уақыт өте оралды.


Аталған шаңырақтың ырыс-берекесін келтірген Мүгілсім апамыз мұғалімдік жұмысты атқарып, ұл мен қыздарын ізгілікке баулыды.Сөйтіп, ұстаз ретінде баршаның ыстық ықыласына бөленді. Жылдар жылжып өте берді.


Әңгімеміздің өзегіне айналған Сәмәмбет әулетінде үш бала өсті.Ата-ана үшін олардың әрқайсысының орны бөлек. Дегенмен, үйдің сүп-сүйкімді қыздары Мәнсия кішкентайынан ерекше болды. Мектеп қабырғасында жүргенде сабаққа да алғырлық танытты. Сыныбында өзгелерге өнеге көрсетті.


Бұл кезде олар «Новоалексеев» кеңшарында тұратын. Білім ордасында мақтаулы шәкірттердің бірі болумен қатар, үй шаруашылығында анасына да қолғабысын тигізді.


Үлкен қалада студент атанды


Мәнсия Қалмағанбетқызы 1965 жылы орта мектепті ойдағыдай тәмәмдады.Көркем бойжеткен мамандық таңдауда көп ойланып жатпады. Облыс орталығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына құжатын тапсырды.


Талапты арудың жұлдызы жанып, айтулы оқу орнының шет тілдері факультетінестудент болып қабылданды. Сөйтіп, қабілетті қыз мүнда екі жыл дың ішінде өзін болашағы жарқын екендігін дәлелдеді.


 Сол кездердегі талап бойынша сабақ барысында білім ордасынан төрт үздік студент іріктеліп, оқуларын Ресейде жалғастыратын болды. Мәнсияның бақытына бұрынғы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) шаһары бұйырды. Сонымен дарынды қазақ қызы аталған қаладағы Герцен атындағы мемлекеттік институтта үш жыл білім алып, өзінің жастық шақтан бергі арманы болған ағылшын және неміс тілінің маманы болып шықты.


Қолына диплом алған соң еңбек жолын  өзі әу баста студент атанған шаһарымыздағы педагогикалық жоғары оқу орнында студенттерге шет тілден дәріс берді.


Содан соң түлегі болып табылатын Ресейдегі жоғары оқу орнының аспирантурасын аяқтады. Онда ұстаздан да жолы болды.Бұған есімі баршаға белгілі ,атақты азамат Алексей Львович Григорьев дәріс берді.Оның терең біліміне ішкі жан дүние байлығы сай зиялы тұлға-тын. Арада бір жыл өткенде тынбай ізденудің нәтижесінде алған тақырыбын терең меңгеріп, филология ғылымдарының кандидаты атанды. Кандидаттық  диссертациясын қорғағанын қостанайлық әріптестері де естіп, шексіз қуанышқа бөленді.


Осы арада ерекше тоқтала кетер жай, біздің даңқты жерлесіміз сол уақытта әлгі жерде шет тілінде оқыған тұңғыш қазақ баласы еді.Бұл алғашқы қандасымыз болса да намысқа тырысып, үнемі алғы шепте жүрді.


Институт басшылары да табанды әрі ғылымға шын берілген Мәнсия Қалмағанбетқызына үлкен сенім артты. Оны бірден жауапкершілігі мол кафедра меңгерушісі етіп қызметке қабылдады.


Әрине, бұл да олардың үмітін ақтауға тырысты. Кафедрадағы ұстаздарға талапты күшейттті.Өзі де аянбай еңбек етті.Бұл үшін ең бастысы - білім сапасы еді.Студенттер де алға қарай талпынды.


Жұмыс істеген қысқа мерзім ішінде үлкен кафедраның абырой- беделі артып, өзі де жан-жақтылығымен танылды. Бұл жерде он жыл тапжылмай қызмет атқарған соң аталмыш факультетке декан болып тағайындалды.


Осы факультетке басшылық еткен кезеңде дайындалған кадрларға деген сұраныс көбейді. Қазақтың көрнекті ғалымы Зұлқарнай Алдамжар жоғары оқу орнына ректор болған жылдары мұнда ағылшын, неміс,шығыс тілдеріне ерекше көңіл бөлінді.


Ғалымды ел сыйлайды  


Уақыт өте білікті ғалым Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылым бөлімінің жанындағы ғылым және шетелдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі болды.


Бұл күндері осы жоғары оқу орнының әлеуметтік және гуманитарлық факультеті шетел филологиясы кафедрасының профессоры ретінде де есімі күллі елімізге танымал.


Оның алдынан өткен шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жатыр.Ұлағатты ұстазға бұдан артық бақыт бола ма? Олар әрдайым хабарласып, хал-жағдайларын біліп тұрады.


Өзіндік қолтаңбасы бар


Әрқашанда әу баста жүрек қалауымен игерген кәсібін ерекше шеберлікпен атқаратын Мәнсия Қалмағанбетқызы әрбір сағатты тиімді пайдаланады. Сондықтан да болар, өткен жылдар ішінде онға жуық құнды еңбектер жазды.


Таратып айтатын болсақ, оның ішінде орыс, қазақ топтарына арналған ағылшын тіліндегі еңбектері жастар арасында ерекше бағаланады. Болашақ жас мамандар осы кітаптарға ден қоя отырып, көп жайға қанықты.


Профессормен әңгімелесу кезінде оның ұзақ ізденістен туындаған бір еңбегі сонау Францияда, Германияда және Мәскеудегі көрмеге қойылғандығын да білдік. Бұл бағалы еңбектердің мұқабалары да әсем безендірілген. Оның сыртқы көрінісі ішкі мазмұнына сай.


Сондай-ақ ұстаздың әлгі тілде жазылған оқулықтарын Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалының студенттері де күнделікті дәріс барысында зор ынтамен пайдаланады. Міне, осының өзінен қазақтың ғалым қызының білім деңгейінің қаншалықты терең әрі еңбектері көпшіліктің игілігіне айналғандығын шын мәнінде сезінесің.


Сұхбаттасымның сіңілілеріне ғибрат болар қырларына келетін болсақ, парасатты да салмақты жан әр сөзіне айрықша мән беріп сөйлейді. Кейбіреулердей өзін мақтаудан мүлдем аулақ.


Сонымен қатар ол кісінің өмірде ұстанған мұраты да ғибрат боларлықтай. Ол - әрдайым адал болу. Кішкентай кезінен әке-шешесінен  көкірегіне ұялаған қасиет ешкімге қиянат жасамау. Әділдікті, кісілікті пір тұту.


Мәнсия апамыз сырттай бір көрген адамға қаталдау болып көрінуі де әбден мүмкін. Бірақ тіршілікте олай емес. Қолдан келсе, өзгелерге қол ұшын беріп, қамқорлық жасауға тырысады.


Мұны өз басым осы жолы университетке арнайы іздеп барып, сөйлескен кезімде де анық көзім жетті. Мұндай асыл адамды кім жек көрсін. Шәкірттері де әрдайым өзін қаумалап, білмегендерін сұрап, өздерін мазалап жүрген сауалдарына нақты жауаптарын алады.


Тілдескен кезімізде оның негізгі қызметінен қолы бос кездерінде қандай пайдалы іспен айналысатындығын да білдім. Ол көбіне публицистикалық және көркем әдебиеттерді оқиды. Рухани дүниені қайсыбіреулердей сыдыртып қарап шыға салмайды. Әрбір сөйлемнің астарына, сөз өнерінің сырына айрықша назар аударады.


«Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» демей ме. Бұрын тек ғана сырттай ғана білетін кейіпкеріммен әңгімелесу барысында оның көкірегі тұнған ілім мен білім екендігін ұғындым.


Ол маған осы ағылшын тілінің арқасында әлемнің 27 елінде болғандығын айтты. Саяхатта жүріп, көптеген мемлекеттердің мәдениетіне, тарихына жан-жақты көңіл бөлді. Сонда көп тіл білген кісінің танымы да кеңейіп, ой-өрісі жетіле түсетіндігін сезінді.


Оның Елтанудан дәріс беретіндігі де баршаға мәлім болса керек. Сол кездері өзі жолы түсіп, зердесіне тоқыған АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдердің халқы мен тыныс-тіршілігі жайлы да баяндап, оны студенттердің санасына барынша сіңіруге тырысады.


Тәжірибесі мол, айтары жеткілікті, білікті маман бұл күндері негізінен 3 және 4 курстарға сабақ береді екен. Өйткені, бір барған кезімде профессордың талапты жастарға жаңа тақырыпты түсіндіріп жатқанын көрген соң ол кісінің алтын уақытын алғым келмеді. 


Адал еңбектің бағаланбай қоймайтындығына Мәнсия Сәмәмбеттің ғұмыры айқын дәлел. Ол көп жылғы адал жұмысы үшін «Құрмет» орденін омырауына тақты.


Кез келген әріптестерінің қолы жете бермейтін Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері. КСРО халық ағарту ісінің үздігі. Басқа да марапаттары баршылық. 


Баршаға мәлім, Қостанай өңірінде де тәуелсіз меценаттар клубы көптен бері жұмыс істейді. Міне, осы клубтың «Қазына» сыйлығының лауреаты атанды.


Әрине, мұның бәрі де жерлесіміздің абыройын асқақтатын, оны алға жетелегені даусыз. Әрбір ұстаздың мақтанышы әрі бақыты оның кешегі шәкірттерінің қол жеткен табыстарымен өлшенеді.


Мәселеге осы тұрғыдан қарайтын болсақ, одан тәлім алған жастар  бұл күндері тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп жатқан білікті мамандар. Солар жайлы жылы лебіз естісе, жаны марқайып, көңілі көкке көтеріліп қалады.


Көпшілікке белгілі Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университеттің беделі өсіп, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында абыройы асқақтап жатса, онды мұның да қосқан үлесі ауыз толтырып айтарлықтай.


-Көп тіл білген ерекше бақыт. Мен өткен жылдары соны пайымдадым. Қостанайдың қарапайым қызы болсам да Ресейде білім алдым. Қазір сол жақтан түйгендерімді дарынды жастардың бойына сіңіріп келемін,-дейді ол өзінің әңгімесінде.


Сіңілісі Меңзада айтады:


-Мұндай әпкесі бар адам бақытты. Бұл күндері екеуміз бір жоғары оқу орнында қызмет атқарамыз. Әріптес ретінде де оны өте сыйлаймын. Маған ол кісінің адалдығы, жауапкершілікті терең сезінетіндігі, баршаға ерекше құрметпен қарайтындығы ұнайды.


Жас кезімізде әкем менің де қызы Мәнсия секілді шет тілі маманы болғанымды қалады. Сол ардақты жанның аманатын орындап, өзім де ұстаз атандым.


Әпкемді ерекше сыйлайтындықтан шығар, өзімнің Германияда оқып жатқан сүйікті қызымның есімін оның құрметіне орай Мәнсия деп қойдым. Егер ол әпкем секілді көрнекті тұлға болып қалыптасса, өзімді жер бетіндегі бақытты аналардың қатарына қосар едім.


Бетті дайындаған
Оразалы Жақсанов


Другие статьи этого номера



Поделиться в соцсетях:
Комментарии     (1-0) из 0
страницы:
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :




Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31













Beeline

Караоке-кафе ROYAL. Тел.: 8 (7142) 560-447, 8-775-675-75-03, ул. Киевская, 17



Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"