Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
НАШ КОСТАНАЙ   1 от 06-01-2017
  10-01-2017 16:31
» назад   
Немесе жарық беруші әрі суретке түсіруші Сейітқали Камалов туралы

Жігітке жеті өнер де аз

Немесе жарық беруші әрі суретке түсіруші Сейітқали Камалов туралы

Облыс орталығындағы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрының тұрақты көрермендері Сейітқали бауырымызды жақсы таниды. Себебі ол қашанда қолындағы фотоаппаратымен сахнадағы өнер көрсетіп жатқан актерлерді немесе алыс-жақыннан келген қонақтарды түсіріп жатады.


Өз кәсібіне шын берілген азамат әрқашанда елгезектік танытып, үлкенді-кішілі қауыммен тез тіл табыса біледі. Оның шығарған суреттері де хас шебердің қолынан шыққандай жақсы әсер қалдырады.


Бұл оның күнделікті қызметінің бір қыры ғана. Сонымен қатар ол осы өнер ұжымындағы жарық беруші жұмысымен де шұғылданады. Баршаға белгілі, сахнадағы қойылымдардың сапалы әрі өз деңгейінде болуы Секең секілді тындырымды мамандарға да байланысты.


Әріптестерінің арасында ерекше құрметке ие болған Сейітқалидің осы театрда қызмет атқарып келе жатқанына да қазір қарап отырсақ 15 жылға жақындап қалыпты. Бұл аз уақыт емес. Бір азаматтың өзін жан-жақты көрсетуіне болатын мерзім.


Сейітқалиды кейбір замандастарынан өзінің қазақы мінезі, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген шексіз сүйіспеншілік, туған жері мен еліне деген адалдық ерекшелендіріп тұрады. Мұндай қасиеттер, әрине, оған әке қанынан, шешенің ақ сүтінен дарығандығы даусыз.


Сол себептен де бұл бауырымыз жөнінде жазған кезімізде оның өскен ортасы, ардақты ата-аналарына да аз-кем тоқтала кеткенді жөн санадық. Сейітқали Мұханбетқалиұлы 1965 жылы облыстың Науырзым ауданына қарасты Асанқайғы деп аталатын елді мекенде дүниеге келіп, осында азамат болып қалыптасты.


Дәмді орта мектебін тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарымен ойдағыдай аяқтады. Содан кейін ол электрші мамандығын таңдады. Өйткені ол қайсы кәсіптің болсын абыройлы да беделді екендігіне жастайынан көзі айқын жеткен еді. Бар мәселе соларды жоғары деңгейде әрі шеберлікпен атқара білуде деп түсінді.


Өңірдегі ағайындар Камаловтар әулетіне ежелден ерекше ілтипатпен қарайды. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені Сейітқалидің атасы Камал ағамыз сонау бір жылдары абыройлы мамандық иесі, яғни ұстаз болған кісі еді.


Осы салада жемісті қызмет атқарған тұлға кейін Амангелді ауданында мектеп директоры болып та ауылдастары мен облыстағы әріптестерінің арасында үлкен абыройға ие болды. Осындай білікті жаннан тәрбие алған ұрпақтары да оның атына кір келтірмей, өмірден өз орындарын тапты.


Секеңнің әкесі Мұханбетқали ғұмыр бойы мал шаруашылығында қызмет атқарған білікті маман еді. Кезінде бас зоотехник секілді жауапты жұмыста да болды.


Қазақтың ежелден келе жатқан салты бойынша Сейітқали ата-әжесінің бауырында өсті. Солардан бала кезінен бойына көптеген ұлттық құндылықтарымызды сіңірді. Сондықтан да болар, ол өзінің анасы Әнузаны жеңге деп атап кеткен болатын. Ол кісі бұл күндері 65 жаста.


Жалпы кейіпкерім - бір үйде өскен тоғыз баланың тұңғышы. Үйдің үлкені болған соң кейінгі бауырларына ақыл-кеңесін айтып, оларға әрқашанда тірек болып келеді. 1992 жылы Бақытгүл есімді ұлтымыздың аяулы қызымен жеке шаңырақ көтеріп, отағасы атанды.


Келін де бұл күндері облыстық қазақ драма театрында бақылаушы болып жұмыс істейді. Екеуі Марал есімді қыздарына кішкентайынан тағылымды тәрбие берген-ді. Ол да ата-анасының мақтанышына айналып отыр. Бұл күндері елордамыз Астанада есеп саласында қызмет атқарады.


Қашан да тіршілікте ешкімді жатырқамай, жайдары мінезімен дараланатын Сейітқали інімізге келешекте де отбасында береке, қызметінде толағай табыс тілейміз!


Бетті дайындаған
О.Отынбайұлы


Другие статьи этого номера



Поделиться в соцсетях:
Комментарии     (1-0) из 0
страницы:
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :




Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31













Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"