Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
НАШ КОСТАНАЙ   1 от 06-01-2017
  10-01-2017 16:30
» назад   
Немесе 16 жастағы атақты шахматшы Жансая Әбдімәлік жайлы сөз

Әлемнің төрт дүркін чемпионы

Немесе 16 жастағы атақты шахматшы Жансая Әбдімәлік жайлы сөз

Өткен жыл Жансая Әбдімәлік үшін есте қаларлықтай болды. Ол Польшада өткен халықаралық жарыста Бас жүлдені жеңіп алды.Әрине, бұл жеңіс оған таңсық емес-ті.


Жеті жасында дүниежүзін таңқалдырды


Бұған дейін де ол бірнеше рет Қазақстанның абсолютті чемпион атанғаны баршаға мәлім.Ұлтымыздың мақтанышына айналған қыз жастар арасында төрт рет қатарынан әлем чемпионы болған-ды.


Оның атасы Әбдімәлік Әшіровтың әңгімесіне қарағанда, өздерінің киелі әулеті күллі қазақ еліне танымал. Оңтүстік өңірінде де олардан тағылым алатындар жеткілікті. Біздің кейіпкеріміз ақсақалдың Данияр есімді ұлының перзенті.


Бұл шаңырақта одан басқа тағы да екі ұл өсіп келеді. Жансая жанұядағы үшінші бала.Чемпион қыз 5 жастан бастап үйдегі үлкендердің шахмат ойынына көңіл бөліп, өзінің оған бейімділігін көрсете бастады.


Міне,бұны дер кезін де байқаған атасы ұлы Даниярға немересін мұқият тапсырды. Бір ғажабы, Жансая тұңғыш рет 7 жасында Алматы қаласының чемпионы атанып, үлкен шаһарға есімі танылды. Өзіне деген сенімділігі артты. Тиянақты дайындықтың арқасында дәл сол жылы Азия чемпиондығына көтерілді.


Ол үшін 2008 және 2009 жылдардың алар орны ерекше. Осы кезеңде әлемдік деңгейде топ жарды. Дарынды қыз Елбасының да назарына ілінді. Президентпен бірге Жаңа жылдық шыршаны да жақты. Әрине, мұндай қамқорлық оларды үлкен қуанышқа бөледі.


Осынау мысалдан біздің Елбасы болашағынан үміт күттіретін жастарға қаншалықты дәрежеде көңіл бөлетіндігін сезінесің. Енді Жансаяның ата-әжелерінің туған жеріне қысқаша тоқталып өтелік.


Бұл күндері Шымкент шаһарындағы Жансаяның аты берілген шахмат мектебін басқарып отырған Әбдімәлік аға Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында туып өскен.


Қазіргі таңда шахматшы қыз Алматы қаласында тұрады. Сондықтан беделді жарыстарға осы шаһардың атынан қатысады. Бірде Назарбаев мектебінде Президентпен тікелей сұхбат болған кезде Жансая одан шахмат ойынын мектепке пән ретінде қабылдауға көмектесуін сұраған-ды.


Мемлекет басшысы талантты қыздың өтінішін қолдады.Қазіргі таңда Алатаудың баурайындағы Алматы және Шымкент қалаларында Жансая Әбдімәлік атындағы мектептер жұмыс істейді.


 Сондай-ақ Атыраулықтар мен Ақтаулықтар да өз қалаларында осындай мектептер ашып, ол жерлерге Жансаяның атын бермек көрінеді.Ал Астана мен Қарағандыда мұндай мектептер жұмыс істейтіндігі көпке белгілі.


Жалпы, шахматтың адам баласына берері мол. Мәселен,„ФИДЕ„президенті Кирсан Илюмжинов Елбасына шахматтың тигізер пайдасы жөнінде айтқан. Осы азамат президент болып тұрған кезінде еліндегі барлық мектептерге шахматты пән ретінде кіргізген көрінеді.


 Міне, осындай ізгілікті істің нәтижесінде қалмақтарда білім сапасы Ресей бойынша жоғары тұрған көрінеді. Негізі спроттың бұл түрінің кімді болсын ойландырып, толғандыратыны белгілі.


 Жансая ізденімпаз ару


Қазіргі таңда Шымкенттегі оның аты берілген шахмат мектебінде 60-тан аса оқушы күнделікті шеберлігін шыңдап жатыр. Талапкер жасөспірімдерге мұндағы 4 жаттықтырушы білгенін үйретіп келеді


Ал Жансаяның өзі айына бір рет шеберлік сыныбын өткізеді. Ол жалпы әулеттің ғана емес, күллі үлтымыздың мақтанышы. Мінезі өте ашық жарқын, сондықтан жұртшылықпен тез тіл табысады.


Қазақ қызы қарсыластарына да аса бір құрметпен қарайды. Сұрағандарға: „Ол қабілетті шахматшы, тек жүрісте ғана қателесті„ деп олардың да сыртынан жаман сөз айтпайды.


 Өз орынын біледі, үлкенге құрмет, кішіге ізет танытады. Жұлдыз ауруымен ауырмайды. Өте кішіпейіл, өзін қатарластарынан жоғары қоймайды, үйдің шаруасын тындырымды атқарады. Анасының қолғанаты. Қыз балаға тиісті жайлардың бәрін де менгеруге талпынады.


 Әрине, оның алғашқы жаттықтырушысы өзінің туған әкесі Данияр. Сол себептен де оған Елбасы айына 500 доллар стипендия тағайындаған болатын.


 Жылдар өткен сайын қыз баланың тәжірибесі де молайып, шеберлігін шыңдай түсу үшін басқа жаттықтырушы іздестірген еді. Осылайша дарынды шахматшыны Николай Перегудов өзіне шәкірт етіп алды.


 Содан арада екі-үш жыл өткен кезде әлгі Николай қыздың қабілетін сезіп:„Енді мен жансаяны үйрете алмаймын, себебі ол менен мықты, ұтып кетеді„ деп ойын ашық білдіріпті.


 Уақыт бәрінен де қымбат. Сол себептен Қазақстандағы шахмат федерациясы Армениядан Давид Арутунян деген халықаралық гроссмейстерді қызметке шақырды .Қазіргі таңда екеуі тіл табысып, бұлі азамат әлемнің бірнеше дүркін ченпионын тәрбиелеп жатыр.


 Жансая Әбдімәлік 16 жаста болса да оның атағы дүниежүзіне белгілі.Мұны сол себептен де Сингапурдағы шахмат академиясы өздеріне оқуға шақырды, білім алу тегін болды. Пәтер де берілді.


 Ол жақтан көп жайды үйренді. Бұл күндері оған тең келер қарсылас жоқ.Сондықтан 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жарыстарға қатысып, өзінің бабында екендігін көрсетіп келеді.


 Ал бұл деңгейдегі ретингісі Азияда 1-ші орын болса, Дүние жүзінде 3-ші орында. Демек, бауырымыз нағыз шеберлік шыңына көтерілді деген сөз. Ол алдағы күндерден де үлкен үміт күтеді.


Тауық жылы да шеберлігін барынша шыңдай түсіп, қазақ халқының мәртебесін барынша асақақтата түсуді армандайды. Оған мүмкіншілігі де мол. Мемлекетіміз қолдан келген қамқорлықты жасап отыр.


 Оның туған атасы Әбдімәлік Әшіров те оның талай асуларды бағындырып, шахмат өнерінің майталманы атана беретіндігіне нық сенімді.


 Алла- тағала тек дарынды қызымызды тіл мен көзден сақтағай. Өйткені, мұндай таланты балаларға қызыға да, қызғана қарайтын жандар қайда да аз емес. Жансаяның өзі де көптің көзіне түсе бергенді аса ұната қоймайды.


 Әкесі Данияр мен анасы осы қызы аман сау болып, өзі өкілі болып табылатын жері мен елінің мерейін үстем ете берсе екен деп ойлайды. Ең бастысы, ол ешқашан да жалқаулыққа салынған емес. Мақсаты айқын, соған жету жолында тек қана алға ұмтылыс жасауда.


Другие статьи этого номера



Поделиться в соцсетях:
Комментарии     (1-0) из 0
страницы:
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :




Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Январь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31













Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"