Рейтинг@Mail.ru
Мы в Одноклассниках Мы в Моем мире Мы в Твиттере Мы Вконтакте Мы в Фейсбуке
Электронная версия газеты
"НАШ КОСТАНАЙ"
(выходит: Вт. Четв.)
   НОВОСТИ КОСТАНАЯ И ОБЛАСТИ   08-08-2017 17:24
» назад   

Партия мүшелері дәріханаларды аралады

Дәрі-дәрмектің бағасы бақылауға алынды

Партия мүшелері дәріханаларды аралады

«Нұр Отан» партиясының Федоров аудандық филиалы аудандық Қоғамдық кеңесімен бірге партиялық бақылауды жүзеге асыру барысында «Денсаулық», «Мелисса» және «Вита»  дәріханаларында рейд өткізді.


Осы рейдке қатысушылардың сөзіне қарағанда, дәрі-дәрмектердің сапасы мен олардың қол жетімділігі - халықтың денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ету көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан бұл маңызды мәселе   партияның сайлауалды тұғырнамасында  нақтыланған. 
 
„Нұр Отан„ партиясы  Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рамиль Валеев пен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Зоя Шашкова аталмыш рейд барысында дәрі-дәрмектердің бағасына, зейнеткерлер мен мүгедектердің хал-жағдайларына назар аударды. Сонымен қатар күн көрісі төмен отбасыларға жеңілдіктер жасауға айрықша назар аударды.


 «Көбіне осындай рейдтерді ұйымдастыруға -  азаматтардың аудандық  филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне келгендегі айтқан өтініштері мен арыз-шағымдары себеп болады. Осы жолы үш дәріханадағы дәрі-дәрмектердің бағаларын өз көзімізбен көрдік, оларда ешқандай заң бұзушылық жоқ.


Мұндай халық мүддесін көздейтін игі жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Жақында ауылдық жерлердегі  дәріханалардың жай-жапсарын да тексеруден өткізбекпіз,-дейді „Нұр Отан„ партиясы  Федоров аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рамиль Валеев өз сөзінде.


Фармацевтер мен дәріханалардың иелерінің пікіріне қарағанда, олар егер зейнеткерлер мен мүгедектер тиісті куәліктерін көрсеткен жағдайда дәрі-дәрмектерге 10 пайыз жеңілдіктер жасалады. Дәрі-дәрмектерді жеткізуде ешқандай кедергі жоқ.


Аягөз КӘКІМЖАНОВА




» назад   
Комментарии     (1-1) из 1
страницы:
[ Галина ] ( 1 )   2017-08-08 19:41
Такие  рейды  очень  нужны  и  полезные  мероприятия  партийцев,  но  цены  на  лекарства  очень  высоки  для  всех  и  10  процентов  не  решают  проблемы  пенсионеров
страницы:
Оставить комментарий
Имя:
Текст сообщения:
Введите следующий код ( ) :


Последние комментарии
Версия газеты в PDF
Архив
Август 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31













Размещение рекламы на сайте газеты Наш Костанай. Тел.: 8 7142 54-03-01.










НАШ КОСТАНАЙ

О ГАЗЕТЕ

Рекламодателям

ПОДПИСКА

Контакты

Правила сайта

Перепечатка материалов (включая фото, видео и аудиоматериалы), размещенных на www.top-news.kz, разрешена только по соглашению с редакцией "НК". Без соглашения допускается только цитирование материалов с гиперссылкой (названием статьи в виде активной ссылки на адрес материала на сайте www.top-news.kz). E-mail: gazeta@top-news.kz; Телефон: 8 (7142) 54-62-46.
Яндекс.Метрика SeoMonitor.INFO - Сервис проверки доменов
© 2012-2017 Газета "НАШ КОСТАНАЙ"