Өңіріміздің мақтанышы «Ақжелең» ансамблі Мысырда өнер көрсетті

Өңіріміздің мақтанышы «Ақжелең» ансамблі Мысырда өнер көрсетті

Жуырда Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының «Ақжелең» фольклорлық ансамбілі Мысырда халықаралық байқауына қатысты

Облысымыздың халық аспаптарына құралған ансамбльдің өнерен Мысыр халқы ерекше жылы қабылдады.Қазақ әуендерінің қайнар көзі күмбірлете шертілген күйлер жиналған жұртшылықтың жүрегінен орын алды. Олар Домбыраның қоңыр даусына елітіп, күйдің құдіретін сезінді.

Бұл жиында «Ақжелең» ансамбілінің мүшелері Құрманғазының күйлерін, Қорқыттың қобыз сарындарын, Сүгір мұраларын қасиетті қара домбыраның үнімен шебер жеткізе білді.

Мұндағылар музыка әлемінде көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқандықтан болар, орындауындағы күйлерге өздерінің ынта-шынтасымен беріліп, көрермендердің көкейлеріне орната білді.

Аталмыш байқау Мысыр теледидарларының  тікелей эфирлерінен берілді. Сонымен қатар «Ақжелең» ансамблінің өнерпаздары осы елдегі «Ніл-Мәдениет» деп аталатын телеарнаның тікелей эфирінде көремендер назарына ұсынылатын «Бас қосу» атты үш сағаттық бағдарламасына қонақ ретінде қатысты.

Шет елдің телеарнасына олар халқымыздың домбыра, қобыз сияқты аспаптардың шығу тарихын баяндап, олардың ерекшеліктеріне тоқталды.

Қазақстаннан барған өнер иелерін жергілікті халық жоғары көңіл күймен қарсы алып, олардың ерекше дарындарына таңданыстарын білдірді. Әсіресе, көбісі күмбірлеген домбыраның қоңыр даусы адамның ішкі жандүниесіне ерекше сезім сыйлайтындығын айтып жатты.

Жалпы, «Жаһандық әлемдегі қазақстандық заманауи мәдениет» жобасының шеңберінде жүзеге асырылған шара өте табысты өтті. Қазақтың баға жетпес байлығы болып табылатын күй өнерін таныған Мысыр халқының еліміздің мәдениетіне деген құрметі арта түсті.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись