Новости Образование

Ұйымшылдықпен өтті

Өткен сенбі күні академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы ұлттық тестілеу орталығында мектеп оқушылары  мен колледж студенттері бірыңғай ұлттық тесттен бағын сынады

Алдын ала хабарланғандықтан талапкерлер жоғары оқу орнына ерте жиналды. Тест таңертеңгі сағат 9-да басталды. Жалпы, бұл маңызды тестілеу ұйымшылдықпен өтті.

Жалпы, 205 талапкер бірыңғай ұлттық тест тапсырды. Оның ішінде 182-сі мектеп оқушылары. Сондай-ақ басқа да осы жоғары оқу орнына түсуге тілек білдірген жастар жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Кейбір деректерге қарағанда, жалпы, тест тапсырған талапкерлердің ортақ баллы 66 пайызды көрсетті. Ал бір білімді жас 116 балл жинады.

-Өздеріңіз білесіздер, алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсуге тілек білдірушілер жылына төрт рет ұлттық бірыңғай тест тапсыра алады. Ал мемлекеттік гранттан үміткерлер шілде айында бір рет  ғана білімдерін сынауға толық  мүмкіндіктері бар.

Ал қалған кездері ақылы білім алғысы келетіндерге жол ашық. Сенбі күні талапкерлердің бәріне толық мүмкіндік жасалды. Тестілеудің қорытындысы да жаман болған жоқ,-дейді жоғарыда аталған университеттің басқарма басшысы Нұрлан Қабдырахметов бізбен болған әңгімесінде.

О.Отынбайұлы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77