Көп түкірсе көл болар

Көп түкірсе көл болар

Мұны Чапаев негізгі мектебіндегі акция көрсетті

Таяуда Чапаев негізгі мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясына байланысты танымдық-тағылымдық жағы мол  акция болып өтті. Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан,  жетім,  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  және  әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ мұқтаж балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Осы жоспар негізінде Қонай поселкесі бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды.

Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Айлық кезінде мектеп ұжымы  белсенділік танытып, көпбалалы отбасынан шыққан  8 сынып оқушысы Асел Аскерова мен 3 сынып оқушысы Севастьян Алехинді мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы кезінде жеке кәсіпкер, жаны жомарт жан Айбат Баймағанбетовтың азаматтық танытқанын ерекше атап өткен жөн.

Ол көпбалалы Роза  Спанованың  отбасына он үш мың теңге көлеміндегі  азық-түлікпен көмек көрсетті. «Көп түкірсе көл» деген де бар емес пе.  Егер шындап қолға алынса, кез-келген қиындықты жеңуге болатындығын өмір  дәлелдеп отыр.

 

Әсел Уәли,

Чапаев негізгі мектебінің әлеуметтік педагогі

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись