Көрме көпшіліктің көңілінен шықты

Көрме көпшіліктің көңілінен шықты

Мұнда аталмыш бағдарламадағы еліміздің киелі жерлері  мен 100 жаңа есім бағыттары басты орынға қойылған.

Облыстық өлкетану мұражайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын аса құнды мақаласының аясында арнайы «Рухани жаңғыру» деп аталатын көрме залы ашылды.

Мұнда қаламыздағы құрылыс колледжінің студенттері өңіріміздегі киелі мекендердің макеттерін жасап, осы көрменің сәнін келтірген. Бұл жерде Кейкі бабамыздың кесенесінің, Амангелді ауданындағы Амангелді Имановтың жатқан жерінің макеті, Жабағалы батыр мен  Міржақып Дулатовтың да ескерткіштерінің макеттері жасалып, қала тұрғындарының назарына ұсынылған. Тағыда басқа өңірімізден шыққан тарихымызда өшпес іздерін қалдырған қайталанбас тұлғадарымыздың суреттері мен кесенелерінің, ескерткіштерінің макеттері тиісті орындарға орналастырылған.

Мұнда келушілер   саны күннен-күнге көбеюде. Әсіресе, жазғы демалысқа шыққан оқушылар мұнда саяхат жасап, көп жайды көңілдеріне түйіп, мұражай қызметкерлеріне өздерінің шанайы алғыстарын білдіріп жатыр.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер  де жиі бас сұғып, өлкеміздің  киелі жерлерімен танысуда.

Сонымен қатар «100 жаңа есім» бағыты бойынша мұнда облысымздан  шыққан спортта немесе өнерде болсын танылған азаматтардың суреттері де осы көрмеден орын алған. Солардың бірі өңіріміздің мақтанышына айналған жастардың бірі Денис Кузин.

Міне, осылайша келушілердің рухани жандүниесін байыту мақсатында ашылған көрме көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись