Оның экономикамызға ықпалы зор

Елбасының үстіміздегі жылы жарық көрген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» деп аталатын үндеуі барша халықтың көңілінен шықты. Ондағы бес әлеуметтік мәселе қазірдің өзінде өзінің шешімін табуда. Бүгін мен мемлекет басшысының «Шағын несие беруді көбейту» деп аталатын төртінші бастамасы жайлы сөз етпекпін.
Өйткені, онда өзінің жеке кәсібін бастау үшін шағын несие аламын деген азаматтарға көптеген қолайлы мүмкіндіктер туғызылатыны жайында жан-жақты айтылған. Сондықтан болашақта елімізде жеке кәсібін ашып, жаңа жұмыс орындарын ашамын деген іскер азаматтарға қолдау көрсетілмек.
Сөзім жалаң болсам үшін аталмыш үндеудің кейбір жолдарынан мысал келтіре кетейін. Онда: «Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады.
2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді.
Алайда, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға қажетті шағын несиелерді ала алмады.
Сондықтан, 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек. Бастама мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды екенін атап өткім келеді» деп нақты айтылған.
Сондықтан келешекте елімізде шағын бизнес барынша дамып, қаншама жаңа жұмыс орындары ашылатындығы сөзсіз. Адамдар жұмыспен толық қамтамасыз етілсе, тәуелсіз еліміздің де мәртебесі асқақтап, экономикамыз қарыштап өсе беретіндігі и даусыз.

Серікболсын Жұматай

Администратор сайта

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись