Новости События

Кітап толы сөрелер 

«KitapAll» қоғамдық буккроссинг жобасы іске қосылды

Бүгінде жастарымздың көбісі кітап оқуға келгенде осалдық танытып жататыны жасырын емес. Тек күні бойына қолына кітаптан гөрі ұялы телефонды алып бетін сипағанды жақсы көріп тұрады. Көшеде кетіп бара жатырған жастан, соңғы рет қандай кітап оқыдың деп сұрай қалсаң, қашан оқығанын есіне түсіре алмай терең ойға шомып кетеді.Бірақ бұлай деумен жастарға кінә арта алмаймыз. Заманымыздың ағыс бағыты осындай…

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынып-ақ жатыр. Сондай игі бастаманың бір «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қаламызда орын алуда.

«Ruhani zhangyru» жолабық кеңсесі ЖШС, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқарамсы, сондай-ақ Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастырылумен қолға алынған бастама болатын.«KitapAll» әлеуметтік жобасының басты мақсаты қостанайлықтар арасында кітаптарды уақытша пайдалануға беру арқылы оқу мәдениетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Басты мақсатымыз кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру. Қазіргі уақытта кітап оқуға уақыт мүлдем аз. Сондықтан осындай ой туындады. Бұл оқытушылар мен студенттеріміздің қолдауымен орындалып отыр. Бұл жерде кітаптарды алмастырып отыруға болады. Менде біраз кітаптар әкеліп қойдым. Бір кітапты оқып болсаң орнына қойып, басқасын ала аласын. Сондай-ақ өзіңнің үйіңнен де кітаптарды алып келіп сөреге жайғастырсаң болады. Өзгелерге де оқуға мүмкіндік бересің. Менің ойымша бұған келушілер үйреніп, бастаманы жалғастырып әкетеді деген сенімім мол, – дейді Еркін Аманжолұлы Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры.

Кітап сөрелері «Kostanay Plaza» СОО, «MART» COOжәне Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде орналастырылған. Сауда ойын сауық орталықтары адамдар көп жиналатын орын болғандықтан , ең тиімде орын деп таңдалып алынған. Буккроссинг аймақтардың жұмыс кестесі таңертеннен кешке дейін, сондықтан кез келген адам кітапты өзіне ыңғайлы уақытта ала алады.

–Бүгін біз бұл жобаны қолға алып жатырмыз. Екі ірі сауда орталықтарында кітап сөрелері орналастырылған.  Жоба осы сәттен басталады. Әр адам оқыған кітабын әкелуіне және кітап алмастыруына болады.  Бұл әлемдік жүйеде бар үрдіс. Баршасы қолданады деуге болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білімнің  салтанат құруы басым бағытында құрылған. Қостанай жастарының білімге қызығушылықтарын ояту, – дейді Нұрбек Әбдібеков «Ruhani zhangyru» жолабық кеңсесінің басшысы.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77