Кітапханада тағылымы мол байқау өтті

Кітапханада тағылымы мол байқау өтті

  Ол «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылды

Əлішер Науаидың «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», деген керемет сөзі бар. Кітап — бұл біздің рухани байлығымыз. Осы асыл қазынамызды насихаттау жолында 2007-ші жылдан бері жалғасып  келе жатқан «Бір ел — бір кітап» акциясында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының  «Ұшқан ұя» жəне Шəкəрім Құдайбердіұлының шығармалары 2018 жылдың ең үздік деген туындылар қатарына енген болатын.

Дəл осы зиялыларымыздың туындыларын таныстыру мақсатында Н. Островский атындағы орталық қалалық кітапханасында «Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлғалар» атты көркемсөз оқу байқауы болып өтті.
Байқаудың басты мақсаты — жастарды кітап оқуға баулу, қалың оқырманға əдебиетіміздегі ең үздік туындыларды таныту, рухани мұрамызды сақтау.

Акция арқылы қоғамның отандық əдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі əдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын одан əрі арттыра түсу.
Аталмыш шараға  ақын әрі  журналист, «Наш Қостанай» газетінің директоры – Бас редакторы, Мешіт Ғазизұлы төрағалық еткен қазылар алқасы лайықты бағасын берді.
Бұл  байқау «Ұлылар ұлағаты», жəне «Сөз өнерінің зергерлері» атты екі бөлімнен тұрды. Оған  Қостанай медициналық колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Əр бөлімде қатысушылар ұлы тұлғаларымыздың өлеңдері мен монологтарынан үзінді оқып, көрермендерге ерекше əсер қалдырды.

Кеш соңында Шəкəрім Құдайбердіұлы,  Бауыржан Момышұлы және Немат Келімбетов сынды ұлыларымыздың кітаптарына шолу жасалды.

Байқау нəтижесі бойынша Бас жүлдеге Кеңшілік Бақытжамал ие болды. Басқа да жүлдегерлердің аты – жөндері аталып өтті.
Қайталанбас тұлғаларымыздың еңбектерін насихаттайтын мұндай мәнді шаралар мен кездесулер жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 

                                          Сағыныш Ибрагим, Қостанай мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.

Редакция НК

Создать профиль



Войдите в свою учетную запись